Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақан сері және 189 көшелерінде жол жөндеу жұмыстары ұзартылды
Елорда тұрғындары мен қонақтары маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
189-шы көшеде (Сейфуллин) Ш.Бейсекова көшесінен Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүруде.
Осыған байланысты Ақан сері (Орынбор) және 189 (Сейфуллин) көшелеріндегі көлік қозғалысы толығымен жабылды.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жұмыс мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек», – деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.