Нөсерлік кәріз желісіне рұқсатсыз қосылу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда

 

Бүгін «Алматы» ауданы бойынша нөсерлік кәріз желісіне рұқсатсыз қосылу мен шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгуді анықтау бағытында рейд басталады. Іс-шараларды «Elorda Eco System» МКК қызметкерлері жүргізеді.

Қазіргі уақытта «Сарыарқа» ауданы бойынша нөсер желілерін тексеру жүргізiлуде. 27 шілде мен 18 тамыз аралығында ұзындығы 26 шақырымнан асатын 921 нөсер құдықтары тексерілді.

Рейд барысында 55 бұзушылық фактісі анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының төрт тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қалғандары ескерту алды. Барлық заңсыз қосылымдар жойылды.

Нөсерлік кәріз жүйесі жаңбыр, еріген және жер асты суларын өткізуге арналған, бірақ шаруашылық-нәжістік ағындарға арналмаған.

Заңнама талаптары сақталмаған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдау үшін нөсерлік кәрізіне заңсыз қосылу жайында ақпарат тиісті органдарға берілетін болады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл 55 мың теңгеден асады, ал заңды тұлғалар үшін және қайталанған заңбұзушылық әрекеттер үшін айыппұл сомасы ұлғайтылады.