Тоғызкент ауылдық округіндегі көктемгі егіс дала жұмыстары

Қауын-қарбыз еккен отбасы саны 120. Егілген жер көлемі 30 га. Егілген қауын-қарбыз түрлері қара қауын, Кенжебай қауын, басылбалды қауын, торлама қауын және бархан қарбызы. Оның ішінде, қара қауын ұзындығы 1 метрге дейін өсіп, 10-15 келіге дейін салмақ береді. Қара қауынның іші қызыл болады, сатылымға, қауынқақ, қауынқұрт жасауға арналып егіледі. 2019 жылы ЖК Божбанова «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа қауынқақ кептіретін құрылғы сатып алып, қауынқақ цех ашуда.

 

Экономикалық тиімділігі отбасына 1 маусымда түсетін орташа табыс көлемі — 450,0 мың тенге. Оның ішінде таза пайда — 400,0 теңге. Сарысу ауданы