«Ауыл –ел бесігі» жобасы бойынша Сарысуда 22 жоба жүзеге асуда.

Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылдың бюджетіне I, ІІ -ші траншпен 22 жобаға қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша жұмыс басталып, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүріп жатыр.
Олар:
-«Ақбота» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары.
— Саудакент елді мекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу жұмыстары.
-Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесін орта жөндеу жүргізу.
-Саудакенттегі спорт кешені құрылысы.
— Жаңаталап орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары. Сарысу ауданы