Нұр-Сұлтанда жұмыс жасайтын жастар үшін жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады

 

Қала әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысқан. Бұл туралы ол өз инстаграм парақшасында жазды.

“Былтыр Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Биыл бұл жұмыстар жалғастырамыз. Оған қатысу үшін құжаттарды жинаудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен, оның ішінде келесі жылдарға арналған құрылыс барысымен таныстым.

Әлеуметтік тұрғын үйді кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ала алады. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады.

Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты”, — деп жазды А.Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко