Нұр-Сұлтандағы ең әдемі субұрқақтар

Елордадағы субұрқақтар қала тұрғындары үшін сүйікті орындардың біріне айналды. Жаздың ыстық күндерінде су бұрқақтар қала тұрғындарына ерекше қажет.

Сонымен қатар, елордалықтар мен қала қонақтары судың жанында демалып отыра алады және су оазисінің көп түрін аралауға мүмкіндік бар. Нұр-Сұлтанда мұндай субұрқақтар аз емес. Біздің сайт тілшілері қаладағы субұрқақтарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.

 

 

Ботаникалық бақта орналасқан «Тайқазан» музыкалық субұрқағы 2018 жылы ашылды.

Ол қайнап тұрған тостаған түріндегі композициямен жасалған. Фонтанның ортасында сәндік элементтері бар қолдан жасалған ыдыс орналасқан. Сондай-ақ, субұрқақ бу шығаруы мүмкін және оның резервуары жер астында жасырылады.

 

 

Нұржол бульварындағы субұрқақтар «Бәйтерек» монументінің жанында орналасқан және қалада «ән салушы субұрқақ» аталып кеткен.

Әсіресе, елорда тұрғындары мен қонақтары бұл субұрқаққа кешкі уақытта барғанды ұнатады. Себебі түрлі-түсті жарық жанып, музыка сүйемелдеуімен су ағындарының биі өте әсерлі. Биыл ән репертуары тұрғындардың қалауы бойынша жаңартылды. Енді онда Димаш Құдайбергенов, Батырхан Шүкеновтың әндері, Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» композициясы шырқалады. Жұмыс күндері музыкалық шоу 20:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері түн ортасына дейін жалғасады.

 

 

Дөңгелек алаңдағы субұрқақтар кешені адамдар үшін сүйікті демалыс орны, әрі сәулеті келіскен нысандардың бірі.

Дөңгелек субұрқақ жалпақ тостаған түрінде жасалған, су күмбез сияқты ағып тұрады.

Субұрқақ алаңдағы барлық сатыларға құйылады. Кешке оған жарық қосылады.

 

 

Сондай-ақ, тұрғындар үшін тағы бір сүйікті орын — «Жетісу» саябағындағы субұрқақ. Кешке тұрғындар классикалық және қазіргі заманғы музыканың мотивтеріне арналған жеңіл люминацияны көре алады. Жұмыс күндері 23:00 – ге дейін, демалыс күндері-24:00-ге дейін тамашалауға болады.

 

 

Қызықты композициясы бар тағы бір субұрқақ Достық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан.

Субұрқақ судың ортасында жүзген кит секілді жасалған.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазғы маусымда елорданың барлық аудандарында 73 субұрқақ іске қосылды.

Ең көбі Есіл ауданында шоғырланған, онда 48 субұрқақ бар.