МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

Аудандағы барлық нысандар жылыту маусымына 100 % дайын. Жылу қазандықтары 15-қазаннан бастап іске қосылады. Бұл туралы Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі жəне автомобиль бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалық мәлім етті.

“2020 жылдың 7 шілдесінде Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ететін аудандық штабтың құрамы бекітілді және жедел әрекет ету тобы жасақталды. Аудандағы әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарына жүргізілетін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының іс – шаралар жоспары бекітілді”,-деді Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі жəне автомобиль бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалық.

Бекітілген іс–шаралар жоспары бойынша: «МаңғыстауЖылу» және «Маңғыстауэнерго» МКК-ның тарапынан инженерлік желілерге жүргізілетін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың жылу қазандықтарын, жылу жүйелерін жөндеу, жуып – тазалау жұмыстары қамтылған.

Сонымен қатар, қысқа дайындық барысында аудандық маңыздағы ұзындығы 91 км автокөлік жолдарын күтіп-ұстау мақсатында, 10 тонна өндірістік тұз, 150 м3 құм және 2 погрузчик, 2 самосвал, 2 топырақ шашатын арнайы техникалармен жұмылдырылған.

“Жылу беру маусымына автономды жылу қазандықтары бар әлеуметтік маңызы бар нысандарға /энергия өндіруші және таратушы ұйымдар/ дайындық паспортын рәсімдеу 15 тамыздан бастап электронды түрде жүргізілуде.

Аталған паспортты қолданыстағы 191 әлеуметтік нысанға алу тиіс, оның ішінде:

88 бірлік білім беру саласының (16 мектеп, 10 мем. балабақша және 62 жеке меншік балабақша);

3 бірлік мәдениет саласының;

14 бірлік денсаулық сақтау саласының нысандары;

86 көп пәтерлі тұрғын үйлер”, деді Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі жəне автомобиль бөлімінің басшысы Берік Әбдіхалық.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс – шаралар жоспарына сай, кесте бойынша жүзеге асырылуда. Аудан деңгейінде шешімін таппай отырған күрделі, өзекті мәселелер жоқ.

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ