МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА 80 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай, Түпқараған ауданында 80 пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
««Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласында сатып алу құқығынсыз жалдамалы 80 пәтердің кілті табысталды. Баспаналы болатын Түпқараған ауданы әкімдігіне 2007-2014 жылдар аралығында тіркеуде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Яғни, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, көп балалы отбасылар», — деді аудан әкімі Айбек Қосуақов.
Мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 3 тұрғын үй бой көтерді. Оның ішінде Форт-Шевченко қаласының іргесіндегі Жаңа кетік шағынауданында 16 пәтерлі бір тұрғын үй және 48 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, тағы 16 пәтерлі бір тұрғын үй Форт-Шевченко қаласында салынды.
МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ