ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 506 ТҮРІН КӨРСЕТЕТІН «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы Келес ауданында бір терезе қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» мекемесі жұмысын бастады. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында құрылған халықтық кеңседе өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы қамтылған.
Жаңадан ашылған мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай және Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев арнайы қатысты.
«Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшірілуде. Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтық пен жариялылықты, сондай-ақ жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Бүгін ашылған «сервистік әкімдік» те тиімді қызмет көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады», – деді Мирас Қарғабай.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі