«Ынтымақ» аллеясы ашылды

«Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың» демекші, бүгінгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекесі қарсаңында пайдалануға жаңа аллея берілді.
Баршаңыз куә болып отырғандай, мереке аясында аудан аумағында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілуде. Бүгінгі тұсауы кесілген аллея соның бір бөлігі.
Осындай іс-шараның басты мақсаты — қала тұрғындары мен патриот жастарының бірлігі мен ұйымшылдығын нығайта отырып, қайта жаңарған қаламыздың келбетін көркейту, өңірімізді көркейте түсу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Табиғатты аялау, оған көңіл бөлу, таза ұстау, зиян келтірмеу — ортақ міндетіміз.
Тұрғындарымыз қала сәнін кіргізіп тұрған жаңа аллеяны алдағы уақытта ұқыппен қарап, күтіп-баптау ісінде қалыс қалмайды.
Осы игі істі абыроймен атқарған «Жаңатас ВЭСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аудан тұрғындары алғысты.
Сонымен қатар, аталған компанияның демеушілігімен 9 млн. теңгеге 5 мүмкіндігі шектеулі азаматтың пәтерлерін қысқа дайындығын жасап, күрделі жөндеу жұмыстарын жасап берді.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы