Білім күні құтты болсын!

«Ел ана» қоғамдық, танымдық сайты барша қазақстандықтарды 1 қыркүйек білім күнімен құттықтайды!
Күздің алғашқы айындағы бұл күн, елімізде айырықша думанды күндердің бірі еді. Бұл күні ата-аналар жүрек толықыған көңіл-күймен балаларын мектеп табалдырығын аттатып, келешегінен үлкен үміт күтіп, ететін күн еді. Өздеріңізге белгілі 1 қыркүйек- үлкен мереке болатын. Өкінішке қарай коронавирус пандемиясына байланысты осы дүбірлі мереке жылдағыдай дуаманды түске енбей қалды. Алғашқы қоңырау онлайн форматта өтіп жатыр. Адамзат баласына ортақ келген індеттің кесірінен тек қана біздің елде емес, күллі әлемде осындай төтенше жағдай көрніс беруде. «Үміт өлтірмейді, арман алға жетелейді» деген қанатты сөз бар. Бұл індеттің де беті қайтып, сап тиылатын күн келер. Ел аман болса мұндай қиын күндерді де еңсеретінміз сөзсіз! Қазірше сабыр мен төзімді серік еткеннен басқа амалымыз жоқ.
Мейлі мектеп ауласында болсын, мейлі алғаш рет онлайн форматта өткізілсе де «Алғашқы қоңырау» соғылмай қалған жоқ. Бұған да шүкір! Балалар бақытты болсын! Қандайэю жағдайда болмасын, білім алуды, ізденуді тоқтатпай алға баса беріңіздер! Сіздердің ұрпақтарыңыз келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын білікті азаматтардан, адамзатқа еңбек сіңіретін ғалымдардан болып жетілсін! Ел аман берекелі бейбіт щаман болсын
Мерке құтты болсын ағайын!

 

Elana.kz