Ал біз шетелге кеткен не жатжерліктің қолынан ұстаған қанша қаракөзімізді кері қайтардық?

ӨЙ, ШЕШЕН…
Рамзан Қадыровты біреу жақтырар, біреу жақтырмас. Рамзан маған былай ұнаса да, әлгі әлеуметтік желісіне басы мылжа-мылжа болған бандиттің өлігін салуы секілді кейбір әпенділіктерін еш ақтай алмаймын. Бірақ, кеше ғана оқығанмен, оқиғасы 3 жыл бұрын болған мына әрекетіне тәнті болдым…
Шешеннің Хеда Хамзатова деген әншісі бар. Өзі сұлу, өзі әнші, өзі жастай болып Шешенстанның еңбек сіңірген артисі. Сол Хеда 2010 жылы ресей-армян достығына арналған бір үлкен концертте армянша ән айтып, жұртты шалқасынан түсіреді. Ол концертте армян басшысы Серж Саргсян да, сол елдің мен деген миллионер-миллиардерлері отырады. Очм, армянның көзіне түседі.
Содан Хеданың қыр соңына бір армян миллионері түседі. Сыйлықтан сыйлық жібереді. Уәдеден уәде төгеді. Әйел емес пе, еркектің сұлу сөзі мен сыйлығына сылқ ете түсіп, әсіресе әлгі миллионердің «Сені «Евровидениеге» қатыстырамын» деген сөзіне сеніп, Ереванға еріп барады. Аңқау әнші өзін қатындыққа алғалы отырғанын сонда ғана сезеді.
Қысқасы, бұл хабар Рамзан Қадыровқа жетеді. Бұл масқара еді. Мұсылман шешен қызы христиан армянға тұрмысқа шығу деген.. Қадыровтың сөзін айтқанда, «позор для чеченки, плюс заслуженной артистки Республики выходить за такой сброд!». Содан дереу Қадыров өзінің сенімді көмекшісі Адамды ұшаққа отырғызып, Ереванға жібереді. Хеданың әке-шешесін алдыртып, олармен сөйлесіп, мән-жайын түсіндіріп, оларды да ұшақпен Ереванға жібереді. Осылай оншақты рет адам жіберіп, ақыр аяғы Армения президенті Серж Саргсянмен келісіп жатып, анау әнші Хамзатованы еліне қайтарады.
Қадыров өз қолымен Хеданы бір ингуш жігітке күйеуге берді. Онымен, әрине кейін ажырасып кетті шамасы. Бірақ, Рамзанның өзі ат төбеліндей аз шешеннің ар-ұятын қорғап, нағыз еркекке жарасар ерлікке барғаны қатты ұнады. Шешен ешқашан басқа ұлтқа, оның үстіне басқа діндегі адамға шықпауы керек дейді. Иә, кезінде Жохар Дудаевтың әйелі орыс болған еді. Бірақ, оның өзі кейін ислам қабылдаған.
******************************************************************************************

Ал біз шетелге кеткен не жатжерліктің қолынан ұстаған қанша қаракөзімізді кері қайтардық?

Өркен Кенжебек  ФБ парақшасынан