МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖЕТКІЗУ ЖАҒДАЙЫ

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында тіркелген 137 мың автокөліктердің шамамен 93 мың данасы немесе 70% сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) отын ретінде пайдаланады.

Сонымен бірге «ҚазГӨЗ» ЖШС тарапынан СМГ тиеу тәулігіне шамамен 540 тоннаны құрайды (салыстырмалы түрде – 2018 жылы тәулігіне 470 тоннаны құрады).

Жалпы, СМГ ай сайынғы тұтынуы бүгінгі күні шамамен 17 мың тоннаны құрайды, оның 14,5-15 мың тоннасы — «ҚазГӨЗ» ЖШС есебінен жеткізіледі. Қалған көлем басқа аймақтардан жеткізіледі, бұл жалпы тұтынудың шамамен 25% құрайды.

 

 

«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің тиісті бұйрығымен (2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 «Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы) 2019 жылдан бастап сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары (бұдан әрі — ЭСА) арқылы сату тетігі енгізілді. Бүгінгі күні облысқа жеткізілетін әлеуметтік газдың жалпы көлемінің (14,5-15 мың тоннасы) 25% -ы электрондық сауда алаңдары арқылы сатылады, яғни шамамен 4500 тоннаны құрайды», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 470 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) СМГ келесідей қалыптастырылады және бөлінеді:

1) Газ желісі ұйымдары сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдері жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 35 (отыз бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органына жібереді;

2) Сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданған жиынтық өтінім тиісті жергілікті атқарушы органының бекітуіне және жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия хаттамасымен қоса уәкілетті органға жолданады;

Анықтама үшін: сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдері газ желісі ұйымдары ұсынған өтінімдер мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып қарастырылады:

— өтініш беруші пайдаланатын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерінің қуаты;

— сұйытылған мұнай газын өткен кезеңдерде өткізудің нақты көлемдері;

— сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу.

1. 3) Уәкілетті органға жергілікті атқарушы органынан келіп түскен жиынтық өтінімдер, Энергетика министрлігі жанындағы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия) қарауына жатады.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығымен бекітілген.

Өз кезегінде газ желісі ұйымдары бөлінген СМГ көлемдерін тұрғындар санын және СМГ отын ретінде пайдаланатын автокөліктердің санын ескере отырып, ай сайын қала және аудандардағы бөлшек сауда сатушыларына – автокөліктерге газ құю станцияларына (АГҚС) бөледі.

Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өңірдегі СМГ ішкі нарығына саны 5 бірлік («SK LTD KZ» ЖШС, «TanaGasCom» ЖШС, «АвтогазТрэйд»ЖШС,«АДМ ГАЗ» ЖШС, «Газ Центр»ЖШС) газ желісі ұйымдары арқылы жеткізіледі.

Тұтастай алғанда қазіргі кезде облыстың АГҚС тұтынушыларды СМГ-мен қамтамасыз ету орнықты, АГҚС СМГ бағасы литріне 40-50 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарына сәйкес, Энергетика министрлігімен Маңғыстау облысы

үшін 2020 жылдың қыркүйек айына 17676 тонна СМГ бөлінді. Олардың ішінде 10656 тонна СМГ «ҚазГӨЗ» ЖШС жеткізілімдері, 2592 тонна СМГ шеттен жеткізілгендер («АНПЗ» ЖШС), 4428 тонна СМГ электронды сауда алаңдары арқылы.

2020 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша қалалардағы АГҚС мониторингі

Ақтау қ.

№ Қызмет ететін газ желісі ұйымы АГҚС саны АГҚС бағасы АГҚС кезегі

1. «АвтогазТрэйд» ЖШС 3 45 —

2. «АДМ ГАЗ» ЖШС 4 42 —

3. «TanaGasCom» ЖШС 3 45 —

4. «Газ Центр» ЖШС 2 42 —

5. Бөлшек сауда сатушылары 24 42-50 —

Барлығы 36

Жаңаөзен қ.

№ Қызмет ететін газ желісі ұйымы АГҚС саны АГҚС бағасы АГҚС кезегі

1. «АвтогазТрэйд» ЖШС 3 40 —

2. Бөлшек сауда сатушылары 37 40 —

Барлығы 40

2020 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша аудандардағы

АГҚС мониторингі

№ Аудандар Қызмет ететін газ желісі ұйымдарымен бөлшек сауда сатушылары АГҚС бағасы АГҚС кезегі

1. Бейнеу ауданы Бөлшек сауда сатушылары 12 50 —

2. Қарақия ауданы Бөлшек сауда сатушылары – 15, ГЖҰ – 1 16 40-45 —

3. Маңғыстау ауданы Бөлшек сауда сатушылары – 36, ГЖҰ – 1 35 45-50 —

4. Мұнайлы ауданы Бөлшек сауда сатушылары – 65, ГЖҰ – 1 66 45-45 —

5. Түпқараған ауданы Бөлшек сауда сатушылары – 5,ГЖҰ – 2 7 45-50 —

Барлығы 136 — 212

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ