Дәрет — түнде ғибадат, күндіз ораза мен тең
«Дәретті болып жүрген адам, ораза ұстаған адам сияқты.» (Дәйләми)
«Жақсылап алынған дәрет – иманның жартысы.» (Ибн Хиббан)
«Дәрет алған адамның күнәлары, ағаш жапырақтары төгілгендей төгіледі.» (Табарани)
«Жан алатын періште келген кезде дәретi бар адам шәһидтік мәртебесіне қауышады.» (Табарани)
«Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген күнәлары судың соңғы тамшысымен ағып кетеді. Аяқтарын жуған кезде аяқтарымен істеген күнәлары сумен бірге төгіледі. Осылайша бүкіл (кіші) күнәлардан тазаланған болады.» (Мүслим)
«Дәрет алу үшін бетіңді жуған кезде күнәларың кірпіктеріңнен төгіледі. Қолдарыңды жуған кезде қол тырнақтарынан, басты мәсіһ еткен кезде басыңнан, аяқтарыңды жуған кезде аяқ тырнақтарынан күнәларың төгіледі. Намаздың сауабы пайдаға қалады.» (Рамуз)
Дәрет алған адамның бүкіл кіші күнәлары кешіріледі. Үлкен күнәлары, адам және жануар ақылары, өзіне немесе мирасқорларына өтелмегенше күнәлары кешірілмейді. Нәпіл ғибадаттың сауабына қауыша алу үшін иманда және парыздарда кемшілік жібермеу, харамдардан қашып, күнәларға тәубе ету және ол істі ғибадат ретінде орындауға ниет ету шарт. (И.Ахлақы)
Намаз оқығаннан кейін қайтадан дәрет алу сауап. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Дәреті бар болса да қайтадан дәрет алған адамға он сауап беріледі.» (Ибн Мажа)
«Дәрет үстіне дәрет – нұр үстіне нұр.» (И.Ғазали)
«Машаққат болмағанда, әр намаз үшін дәрет алуды әмір ететін едім.» (И.Ғазали)
«Дәретін жаңартқан адамның иманы жаңарған (нұрланған) болады.» (И.Ғазали)
«Алла Тағала былай деген: Дәрет бұзылған кезде дәрет алмаған адам маған жапа шектiредi. Дәрет алып болғаннан кейін екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа шектiрген болады. Екі рәкат намаз оқып, менен қажеттілігін сұрамаса да маған жапа шектiрген болады. Дәрет алып, екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен де оған жапа шектiрген боламын.Алайда мен ешкімге жапа шектiрмеймiн.» (Шира)
«Дәрет алғаннан кейін дәреттен артылған суды ішу жетпіс түрлі дертке дауа. Мұның ең төменгісі – қайғы.» (Дәйләми)
«Дәреттен кейін Қадір сүресін оқыған адамның жетпіс жылдық күнәсы кешіріледі.» (Халеби)
«Дәреттен кейін Қадір сүресін оқыған адам сыддықтардан, екі рет оқыған адам шәһидтерден жазылады. Ал үш рет оқыған адам пайғамбарлармен бірге тіріледі.» (Дәйләми)
«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адам жәннатқа кіруге лайық болады.» (Халеби)
«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)
«Жақсылап дәрет алған адамның екі намаз (оқымақшы болған намаз бен келесі намаз уақыты) арасындағы күнәларының барлығы кешіріледі.» (Бұхари)
«Дәреттен кейін он рет салауат айтқан адамның қайғысы кетеді, дұғасы қабыл болады.» (Әййухал уәләд илмихалы)
«Тек (кәміл) мүмин ғана әрдайым дәретті болып жүре алады.» (Ибн Мажа)
Әрдайым дәретпен жүретін адамға Алла Тағала мыналарды ихсан етеді:
1) Періштелер оның жанынан айрылмайды.
2) Үздіксіз сауап жазады.
3) Бүкіл мүшелері тәсбих етеді.
4) Ұйықтаған кезде періштелер оны адам мен жынның зиянынан қорғайды.
5) Сәкәрати мәуті, яғни өлім жағдайы оңай болады.
6) Дәретпен жүрген кезде Алла Тағаланың қорғауында болады.
7) Ифтитах тәкбірін жіберіп алмайды.
Алла Тағала хазреті Мұсаға былай деген:
«Йа Мұса, саған бір қиындық келген кезде дәретсіз болсаң, өзіңді кiнала!» (Шира)
Әулиелер әрдайым дәретті жүру үшін аз ішетін, аз жейтін еді. Имам Малик хазреттері үш күнде бір тамақтанатын еді. Себебі сұралғанда «Алла Тағаланың алдында жиі-жиі дәретханаға кіріп-шыға беруге ұяламын» деді. (Әнуар-ул Құдсийа)
Төсекке дәретті болып жатудың да қасиеті өте үлкен. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Кімде-кім төсекке дәрет алып кейiн жатса, сол түні бір періште таңға дейін «Йа Раббым, бұл құлыңды кешір!» деп дұға етеді.» (Хаким)
«Дәретпен жатып, Алла Тағаланы ойлап ұйықтаған адам оянғанға дейін намазда тұрғандай болады. Бір періште ол үшін ғибадат етеді. Оянған кезде тағы да Алла Тағаланы ойлайтын болса, ол періште бұл құлының кешірілуі үшін Аллаға дұға етеді.» (Ибн Хиббан)
«Дәрет алып жатқан адам түнде ғибадат еткен, күндіз ораза тұтқан адам сияқты.» (Дәйләми)
Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы