National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының фотосуреттерінен фотокөрме ұйымдастырды

Іс-шара «Хан-Шатыр» СОО жанындағы алаңда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 

 

National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының фотосуреттерінен фотокөрме ұйымдастырды. Тамыз айынан бері өтіп жатқан «Ұлы дала жүрегі» көрмесінде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмыстары ұсынылған. Олардың арасында Джордж Стейнметцтен басқа, бүкіл әлемді шарлаған таңғажайып суреттер Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Тұрар Қазанғапов сияқты National Geographic-тің еңбек сіңірген фотографтары, сондай-ақ Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқа да танымал отандық фотографтар бар.

 

 

Фотосуреттерде елорданың тұрмыс-тіршілігі, қаладағы демалыс, іскерлік және мәдени өмірі, жарқын тұлғалары бейнеленген. Сонымен қатар, ерекше гастрономиясы, спорт әлемі және қаланың көрікті жерлері де көрсетілетін болады.

 

 

“Ұлы Дала жүрегі” фотокөрмесінің мақсаты — атақты шетелдік және отандық фотографтардың фотокамералары арқылы бүкіл әлемге Нұр-Сұлтан қаласын жан-жақты көрсету.

 

 

Суреттерді «Хан Шатыр» СОС орталығы жанындағы алаңнан тамашалауға болады. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережелерді қатаң сақтау, маска тағу, қашықтықты сақтау және санитайзерлерді пайдалану қажеттілігін еске салады.

Айта кетейік, Қазақстан астанасының суреттерін әлемнің кез келген нүктесінен мына сілтеме арқылы nursultankorme.kz онлайн көруге болады.