ШЫМКЕНТ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

 

Шымкент қаласындағы жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 17 тамыздан бастап мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын бастаған.

Бүгінгі таңда қаладағы 508 мектепке дейінгі ұйымда 2743 кезекші топ жұмыс жасап жатыр. Онда 36 359 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда.

 

 

Кезекші топтағы балалар саны 15-тен аспайды. Ұйымдардағы балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік мекеме басшысына жүктелген.

 

 

Қызметкерлер мен келушілер үшін қолжетімді орындарға антисептиктер орналастырылған. Тәрбиешілер балалардың қолдарын әрбір тамақтанудың алдында, далада серуендеп келгеннен кейін де жуып отырады.

Бөлмелерге күніне екі рет дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі