ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЛМАС ҚЫЛЫШ АҚЫНЫ

Ақын Сабыр Адай… Бұл есімді жүрегінде жалыны бар, қызуы бар, намысы мен қыжыры бар әр қазақ біледі. Біліп қана қоймайды, адуынды жырына сүйсінеді. Тамсана оқиды. Өйткені қара емендей қатал жырда Исатайдың қайсарлығы, Махамбеттің ой-сандығы жатыр. «Айтып өткен ақында арман бар ма, жүрегінің түбіне кір жасырмай» (Мұқағали) деп ағынан жарылып жүретін Сабыр ақын бағытынан жаңылып
көрмепті. Тақымы берік болғасын, бабалар аманаты жанына серік
қонғасын, ылғи да «талаптың мініп тұлпарын» (Абай) құйғытып жүреді. Ел мен жердің, тіл мен ділдің жоғын түгендеу нағыз ақынға ғана тән қасиет болар. Олай болса «Шөп те өлең, шөңге де өлең» деп тапырақтап жүргендерге қыран мінезді жырлардың көлеңкесі түссе шоршып түседі. Себебі халықтың жоғы мен жолы, намысы мен ар ісі ақын жырында асқақтап тұр!
Ақын жаны күнде арпалыс пен жанталаста, тынымсыз қозғалыста. Қоғамдағы ерен істер мен келеңсіздіктер де ақын кеудесіне найзағай болып соқтығып өтеді… Басына мұнардан шәлі тартқан Маңғыстау үстірттері секілді Сабыр ақынның жыры да қатпары қалың, шатқалы сағым, сыры бөлек бір аңғар. Оның құпиясының тамырын тап басып табу қиынның қиыны. Каспийдің толқынындай шапшыған ақ көбік теңеулер мен тіркестері тұла бойды шымырлатып, қазақ болып туғаныңа мақтаныш сезімін оятады. Жыр құдіреті деген осы болар!
Сабыр Адай – ұлттық рухтың асқақтап тұруына күш салып  келе жатқан ақын. Жылаңқы жырдың, қияңқы мұңның қабырғасын қақыратып, «шыбын жанын шырқыратып» жүрген ақын!
Сабыр ақын бір өлеңінде «Әр қазақ – менің жалғызым» дейді. Олай айтуға хақысы да бар. Өйткені ақын өлеңдері қазақтың мұңы мен құнын, қуанышы мен жұбанышын жүрек көпіріне арқау еткен. Ол көпір үстімен асқақ ойлы жырлар болашаққа сап құрап бара жатыр… Ақын 60 жасқа толды. «Алпыс – тал түс» дейді қазақ. Халқына бергенінен берері көп ақынға ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын деп тілек айтамыз. Отбасына амандық, деніне саулық, қалың елі қазағына ынтымақ пен бірлік, қаламына қуат, жырына шуақ тілейміз.
Осы орайда арқалы ақынның сиясы әлі кеппеген топтама өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сабыр Шеркешбайұлы Адай (1960 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстан Шоманай ауданында туған) — қазақ ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (2006). Құрмет орденінің иегері (2017). ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

«Таңғы нөсер» атты өлеңдер жинағы.
«Кетемін көкке жұлдыз боп» атты өлеңдер жинағы.
«Жұмбақ түннің жылуы» атты өлеңдер жинағы.
«Әр қазақ – менің жалғызым» (2002) атты өлеңдер жинағы.
« Қазақстан — Жалғыз Ұлы Қазақтың» атты өлеңдер жинағы.
«Қарапайым қағидалар» атты кітап.
«Серттесу (Таңдамалы)» атты өлеңдер жинағы.
«Алтынзер» (Ұлт пен Ұл) — (2016) атты өлеңдер жинағы.

МАРАПАТТАРЫ

1987 — Бүкілодақтық халық шығармалық фестивалінің лауреаты. 2003 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет
Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби
ш ығармашылық байқауының жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша Халықаралық Махамбет сыйлығының
лауреаты. 2003 жылы Президент жарлығымен Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. Президент
сыйлығының иегері (2006). Бейнеу (2005), Маңғыстау (2007),
Мұнайлы (2017) және Түпқараған (2017) аудандарының «Құрметті азаматы». 2008 — «Астанаға 10 жыл» медалі. «Қосай»
А таның 500 жылдық медалі (05.05.2010). ҚР Тәуелсіздігіне
2 0 жыл мерекелік медалі (10.11.2011). Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін (2013 жыл). ҚР Тәуелсіздігіне
25 жыл мерекелік медалі (29.11.2016). «Ақтау қаласына 50
ж ыл» естелік медалі. «Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне сіңірген авторлық еңбегі үшін «Адай- Ата» төсбелгісі.
Мандат — ҚР Халықтық-Патриоттық Қозғалысы I Республикал ық конференциясының делегаты. «Төлеген Айбергеновке
80 жыл» естелік медалі. «Асау-Барақ 250-270 жылдығына»
м едалі. 2017 – ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталған. Маңғыстау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін (қазан, 2018 жыл).

 

 

АЛПЫСҚА КЕЛДІК АЛ ЖАҚСЫ…

 

Алпысқа келдік  ал жақсы, тағысын тағы байқармыз,

Сыралғы жаңбыр сорғалап, сырын айтар күз.

Мамығын төсеп ақ көлге, қанатын созып қайшылап,

Қош айтып қоңыр белеске қаңқылдап қаздай қайтармыз.

 

 

Көл жасаурап дірілдер, көктемін күтіп ендігі,

Қаз бенен үндес қашаннан, етекте қалған ел мұңы.

Сары шапан боз белбеу,даланың барма кемдігі,

Кіршіксіз көңіл қайсың бар жұбатар үнсіз шерліні.

 

 

 

Атақоныс –Маңғыстау,менде бір сенің ұлыңмын,

Қаз кеткен менен көл қалар, бағасы қанша құнымның.

Жаныммен сүйіп өзіңді жаралы қанат қалпыммен,

Қиғаштан ұшқан қызғыштай қия алмай қарап бұрылдым.

 

 

 

Қауырсын қанат қаламым,жүрегім менің –ақ парақ,

Ақ уыз, ақ сүт тілекке атыңды кеттім тақталап.

Айдыным аппақ мекенім, әлемге нұсқа әр қазақ,

Сен аман болсаң жетеді, қажетсіз маған басқа бақ.

 

 

 

ЕНДІ, ƏРИНЕ, ҚАЗАҚПЫЗ!

 

Ақылберді, санабердіХақтан-нұр.

Ойсыз елдіопасыздартаптап жүр.

Ұлт боптұтас

Бірге ойлаудыұмытқан,

Əр қазақтыңаяғындақақпанжүр.

 

Қазақсыңба!?..Енді,əрине,Қазақпыз!

Дұрыс!..Дұрыс!..Таудайұлыталаппыз!

 

«Ұлт бопқалсақ» дегенсөзгешеберміз,

Ұлт бопбіргеарлануғасалақпыз.

…Қазақпыз!

…Қазақпыз!

…Азатпыз!

Қазақсыңба!?..Енді,əрине, қазақпыз!

 

 

***

 

Ханжылайды: «Еңбегімеш, сормын» – деп.

Қаражылар: «Қасқаболдым, қормын» – деп.

Шекараданшетсіздұшпанүңілмек:-

«Кəне, көрсет, қайсыменіңорным» –деп.

 

Бесігіңнің қоңырауысылдырлап,

Əр қазақты«емізіпжүр» бір-біржат.

Көкаттының көрпесініңастынан,

Жесіркөңіл, жетімқазақшыңғырмақ.

 

 

 

ҚОЛ СОЗЫП АЛСАҢ НЕҢ КЕТТІ…

 

Кірпігін сәуле тарады,

Кіршіксіз жанар қарады.

Дөңненде асып дөңгелеп,

Жолаушы кетіп барады.

 

Жолың да болсын демеді,

Жалғызды кімдер еледі.

Жанынан безген жаяуды,

Жел менен сағым жебеді.

 

Жез киіктей жамырап,

Жез бұлттар көшті аңырап.

Жанымен сүйді бәрінде,

Жалғыздан қалған шаңырақ.

 

Ортайған көңіл кем кетті,

Сезімде топан сең кетті.

Қолыңа байрақ ұстатты,

Қол созып алсаң нең кетті.

 

 

ІЗДЕРСІҢДЕР

 

Шіркін-ай,

Ауыл біткенбауырмал-ды,

Жə, солайжаннан зият дəуірқалды.

Кілжақсы

Жаныжалын, жүзінұрлы,

Бəрідеауылданба, ауылдан-ды.

 

Түлігіжамырағансəнімменің,

Шарлайтыншаңқайтүстеəнімменің.

Ауылдыіздерсіңдер

Əлі талай,

Күн болсакүреңбұлттыəлім-берім.

 

 

КӨЗЖАСЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА!?

 

Жылағандане тұр дейсің, ал, жыла.

Көзжасыңызқалдыма?!

Көз жасынанжақыныжоқкөрдіңбе,

Жалғызбененжарлыға.

 

Жылағандане тұр дейсің, ал, жыла.

Көзжасыңызқалдыма?!

Көз жасынанжақынешкімкөрмедім,

Жетімменензарлыға.

 

Жылағандане тұр дейсің, ал, жыла!

Көзжасыңызқалдыма?!

Жырүшіндебіржылапқой қарағым,

Қараөлеңдіжайыпқойып алдыңа?!

 

 

 

КӨЗІН  ОЙЫП АЛАРҒА…

 

Қылғынып құлын желіде,

Тентексіді тебіне.

Айналды құлын ауылдың,

Әңгіме – дүкен, деміне.

 

Сөзден сырмақ тоқылды,

Білгенге білмес қосылды.

Ат ұстаған жат келді,

Тұлпар ғой деп шошынды.

 

Бірінен бірі қызғанды,

Көз ішінде сыз қалды.

Көзін де ойып аларға,

Қалтасында біз бар-ды.

 

Солай да солай ел екен,

Елдігі тіптен кем екен.

Өзінен басқа жауы жоқ,

Болмайтын іске дауы көп,

Біріне бірі жем екен.

 

 

АНАУ БІЗДІҢ КӨКБӨРІ

 

Отпан таудың басында  анау біздің көкбөрі,

Біреу шалшық су деді, біреу жанған өрт деді.

Қағанат құрған –Хан еді, түнді жарған – таң еді,

Қайдан сыйсын қас текті маңдайыңа төрт елі.

 

Көкбөрі тұрды көк тіреп, көктен Тәңір қолдады,

Көп асылдан қол үздік, қой дейтін  халық болмады.

Иттен күшік сұрап ап қой күзетіп баққанға,

Ата дұшпан Патша ағзам үшбу сәлем жолдады.

 

Азуын қақтым Отпанға Арланнан белгі қалсын деп,

Алашқа тұлға ұл болса бөріден үлгі алсын деп.

Қасқыр құрсақ қатыннан ту көтерер ер туса,

Қамын ойлап қазақтың қасқайып ұран салсын деп.

 

АЛДАНЫП ӨЛГЕН КӨПАРТЫҚ

 

Алданышжатыралдамың,

Аямайсаларқармағын.

Тілекшішығаркімбілген,

Жаукөріпжүрген жандарың.

 

Мəніне бардыңсенненің,

Жоқдейсіңжанымелдекім.

Жүрегін ашыпкөрдіңбе,

Доссанапжүрген пенденің?

 

АдалдықсұраҚұдайдан,

Көңілімміне– жырайнам.

Бақыттыболған жеріжоқ

Біреудісүйіп құлайжан.

 

Келемізжанғажоқартып,

Жанарғажасбоптоларшық.

Дегенмен сенбейөткеннен,

Алданып өлген көп артық.

 

 

АЛЛА БІР БІЛЕР АҚЫРЫН

 

Тобылғы күрең қызыл-ды,

Топқа салдық біз ұлды.

Ер атына мінгенде,

Арудың жүзі бұзылды.

 

Үзіле қарап, күрсінді,

Үзілген кенет жыр сынды.

Қалдырып қалай барады,

Сол сықылды сылқымды.

 

Жанардың қара пәктігін,

Жанының қара ақтығын.

Қарашығын ұялап,

Қамығып барып батты күн.

Кірпігінің асты мұң.

Солай да солай өмір бұл,

Өксіген бұлт боп шөгіп жүр.

Алла бір білер ақырын,

Біреуден біреу көріп жүр.

 

 

 

***

Қаралы бұлт, қара шың,

Қай жаққа кетіп  барасың?

Әулие шалдар жалғаған,

Аспан мен жердің арасын.

Солардан қалған соқпағым,

Оларсыз өмір жоқ мәнің.

Адасқан әлем «Аһ» ұрып,

Жүр дейсің түспей отқа кім…

 

 

 

 

ӘУЛИЕ

 

Әулие Бекет пірім дүр,

Әлдилеп көңіл жібіп жүр.

Көкмойнақ жеке жайылып,

Бір дүбірді біліп жүр.

 

Жарқырап шығар күнім бар,

Дидарың нұрлы, тілің  бал.

Жеті қат көктің үстінде,

Жетпеген бізге бір үн бар.

 

Суарып жырды шыңдай тұр,

Тыпыршып көңіл тынбай тұр.

Қолатқа біткен қурайдан,

Шалдардың үнін тыңдай тұр.

 

 

 

КӨК  ТЕҢІЗ  ТАРТЫП  ЖАТЫР «АДАЙ» КҮЙІН

 

 

Көрдіңбе көк теңіздің тулағанын,

Құлдырап құс біткеннің шулағанын.

Шайнасқан өңкей азу, күрек тістер,

Шудасы бұрқыраған бураларым.

 

Жатқандай жағаласып арыстандар,

Естіліп құрақтан ән, қамыстан  зар.

Мысалы, айғыр шапты, қулық  қашты,

Жап-жаңа кісінесіп  табысқандар.

 

 

Аппақ сор, ала құйын  ақ  тұзым бар,

Батар күн, алагеуім  нақ  қызыл  нар.

Қаумалап «Адай»  күйін Қарт Каспиге,

Дәлу* мен бесқонақта* тартқызыңдар.

 

 

Күй барма, сенен асыл, сенен керім,

Ант жастап, серт жамылып, шер емгенім.

«Адайды» тартса-тартсын Каспий ғана,

Көненің көзін  көрген  кемеңгерім.

 

 

 

 

 

 

 

СЕЙСЕМНЕН​ АСПАН​ ЖАҚҚА​ НҰР​ ТӨСЕЛДІ

 

Қадалды көкке барып​ көк найзағай,

Бұл өзі Хақтан қаһар от болмағай.

Кеттіме​ отқа айналып​ өңкей Шейіт,

Өзегі өрттен ыстық​ шоқ​ болмағай.

 

​ Үрікті​ жұлдыз​ біткен шоғырланып,

«Аһ» ұрып атар таңның​ жолын бағып.

Сейсемнен аспан жаққа нұр төселді,

Қасынан​ ай мен​ күннің​ орын​ қалып.

 

Көктен нұр, бұлттан​ нөсер төкпелепті.

Төбесін төбел​ қырдың​ көктем етті.

Алланың ақ сәулесін пырақ​ қылып,

Бұл​ жолы біздің шалдар​ көкке​ кетті.

 

​ Қош дәурен өткен сынды мына бастан.

Қара түн қалғып кетті шыдамастан.

Қол жайып бетеге мен жусан қалды,

Көп қорым, күрең қызыл​ қына басқан.

 

​ Атажұрт – ар мен намыс,бабаларым,

Өлеңнің көкмойнағын тағаладым.

Отпан тау, Оғылан тау, Сам мен сағыз,

Әулие –Пірлерімді сағаладым.

 

​Шықтайды, шырын жаннан жас тамады,

Жас кетсе жанған оттан тас қалады.

Аспанда жеті қақпа соның бірі,

Адайдың ақ төрінен басталады.

 

 

 

 

ЕР ЛАБАҚ

 

Ер Лабақ,

Бұл да біздің айбарымыз,

Ақ уыз, сүт бетінде қаймағымыз.

Ер Шабай, Есен,Сүгір,

Мыңбай, Лабақ,

Жасанған жауға қарсы байрағымыз.

 

А,Құдай,

Батыр қылдың бабамызды,

Ер Лабақ жаудың шебін дара бұзды.

Тоқтатар қарсы келсе Қап теңізін,

Біздің шал-тауға біткен қара құз-ды.

 

 

Бітпеген батырлардың бір ісі бар,

Алмаған ақтық дем мен тынысы бар.

Кешегі Ер Лабақтың білегінде,

Бүгінгі Маңғыстаудың ырысы бар.

 

 

Амалы анау қырдың қалмай жатыр,

Ескі әнге* Есен-Түлей салмай жатыр.

Ұл туып ұлтқа сүйеу берсем бе деп,

Керіліп Самның құмы шалғай жатыр.

 

 

*Сыңғырлау, Күйкен –күйік, Манашымыз,

Көп үміт, бақ пен сордың арасымыз.

Пір Бекет,

Үш жүз алпыс Әулиелі-

Өлмейтін ел шығармыз шамасы Біз!

 

 

 

*- Жер атаулары

— — —

 

 

АДАМЗАТҚА АРНАУ

(Димаш Құдайбергенге)

 

Рух – ән салып тұр, тамсанып қыр,

Ғарыштың көмейінен бал тамып тұр.

Оятып, қайта тағы  жадымызды,

Жаратқан кеудемізге жан салып тұр.

 

Іздеп тұр ізгіліктен жан азығын,

Ешкімнің аттамауға ала жібін.

Рух – ән салып тұр,періштедей,

Сағынып  пәктігімен, тазалығын.

 

Жан салған  жеті сазбен тәнімізге,

Білгенге сұлулықтың бәрі бізде.

Жылап тұр өзін іздеп күллі адамзат,

Кім білген  ең соңғы бір әнімізбе?..

 

Күн кештік, соқыр сана түнекпенен,

Кіл соғыс, ашу –араз, бір өкпемен.

Кел, жаным, әлем болып ән тыңдайық,

Бір болған бір кездегі жүрекпенен.

 

Әсем– ән, қимастықтың ғазалыма,

Тірліктің кімдер келмес базарына.

Рух – ән салып тұр, әлмисақтан,

Алланың қайта түсіп назарына.

 

 

 

­­

 

 ТҮБІНДЕ ӘР ТӨБЕНІҢ ҰЛЫ МАЙДАН

 

Қай жерде  қазақтың салт-дәстүрі,

ұлттық рухы бар, сол жер оның астанасы.

                                       Автор

 

Абыз құм айттың сәлем саналыға,

Кім түспес кер заманның аранына.

Мен міне, кешіп тұрмын қақтың суын,

Тығылып тоқсан толғау тамағыма.

 

Күмбірлеп күймен бірге жөнегенбіз,

Біз өзі  бір құпия көнеденбіз.

Түбінде әр төбенің ұлы майдан,

Ақысын қызыл қанмен төлегенбіз.

 

Бармысың бастау көзім* Ман-Ата мұң,

Кіндігі Адам сафи, бар атаның.

Өртінен өзегімнің шырақ жағып,

Шындықты іздегенге таратамын

 

Бар менің алашағым, берешегім,

Мен сені қайтсем жаным ел етемін.

Жарыған уызында  жамағат ем,

Ақ шапан, алтын жаға, зер етегім.

 

 

*жер атауы.

 

——————

 

 

 

 

 АЖАЛДАН БАСҚА ДОСЫ ЖОҚ

 

 

 

Кеудеміз біздң өр мүлде,

Иесі менмін төрдіңде.

Қазақ деген ел бар-ды,

Қай жаққа кетті көрдіңбе?

 

Жарақты жаумен алыстым,

Жаназа ғұмыр, жан ұшқын.

Ажалдан басқа досы жоқ,

Алашқа біткен Арыстың.

 

Жүректен жырым мөлт етті,

Көңілім тулақ көн тепкі.

Қазақ деген ел бар-ды,

Қай жаққа кетті көрсетші?!

 

 

 

БОЗЖЫРА

 

 

Жұмақта жүр екенбіз асылы біз,

Жүмілә жұрттан қалған шашылып із.

Бозжыра боздау бұлтқа сырын айтты,

Біз тұрмыз алшы түсіп асығымыз.

 

Қос өркеш құба дөңнің белесіме?

Мұндайда не келмейді ер есіне.

Басынан Қазығұрттың алып шығып,

Нухының мінгің келер кемесіне.

 

Бозжыра Хақтың нұрын қанып ішкен,

Тіндес-ті жанымдағы жарылыспен.

Басында Бозжыраның  көкте Құдай,

Мен саған көп талпындым сағынышпен.

 

 

* * *

 

Кеңеспейтінбірүкіметболған-ды,

Аты бірақ«Кеңес-ті»

Ол даендіелес-ті.

Біздіңұрпақсолайбалам, Кезінде:

  • Сол Советтің сарқытынанжеп өсті.

 

Өзі айтып, өзісоныұрандап,

Ақырындақұлатты.

Бұл əңгімеұзақ-ты.

«Демо-крат»-дегенмырзабарекен,

Əмеңгерге:ТүгелЕлдіұзатты.

 

Əмеңгерлерөз төсегінжайдырды,

Заманбуазесептемекай-күнді.

Айтуға рұқсат,

Не десеңдеөзің біл,

Бірақешкіместімейдіқайғыңды.

 

Төсекжаңа, түгел жаңа, жаңаша,

Ендіжанжоқтүсетұғынараша.

«Тастайбатып, судайсің» депбұйырды:

«Ия, Мырза!..» – депжүгірдібалаша!

…Мырзасынан

«Алтын Алқа» тақпақшы,

Тəнсаулығыжараса.

Қоғамтүрмекетегін, Мырзажігітқараса.

 

* * *

 

Сайран бел

Сарышегірсамныңқұмы.

Ақбөбек– зардыңжыры, жардыңмұңы.

Боз төбе

Жалдықара, жалпаққырат,

Мысалыжолдақалғаннардыңжүгі.

 

Бебеулеп

Сай-қолаттасарықамыс.

Сарыны, салғанзарыбəріқалыс.

Ауыл-үй

Аңғал тірлік,бейбітмекен,

Еркөдек, жасыжалын, кəрішалыс.

 

Қаншатаң

Қайтатуып басталмады.

Кіжініпкөзшығарыпбасжарғалы.

Сұлу көл, судақалғанақсазандай,

Ай жүзіпбаражатыраспандағы.

 

 

* * *

 

Жан ақысынтөлерсің,

Жан тозып барыпөлерсің.

Қараныңаппақболғанын,

Ағарсакөзіңкөрерсің.

 

Кеудеденшықсааманат,

Сонан соң ендіжаназат.

Сондададұшпан табылып,

Артыңнан тұрарабалап.

 

Күрмеуіжырдыңшешілсін,

Кіндігісырдыңкесілсін.

Күнəмызбастанасады,

Бар Құдайөзікешірсін.

 

 

* * *

 

Қадіріңдіелбілмегенередің,

Сұладыңбатерегім!?

Сенің кеудеңалтынсандықедіғой,

Əркімалдыкерегін.

 

Құның қаншаҚұдайбілержаратқан,

Жеттісағаназаттаң.

Өзі туып өзісеніөлтірген,

Құтылдыңбақазақтан!?..

 

Тыныстағын, ендіжүректоқтайды,

Қазекеңдеқанқақырыпжоқтайды.

Сондадасолөздеріненкөрмейді,

Бірін-бірісоттайды.

…Бір байғұстынысанағаіліпап,

Соған қараймылтықтарыноқтайды.

 

 

 

ПЫШАҚ АЛДЫ ТОҚТЫДАЙ

 

Сымпылдағануақыттіліміндегіш,

Жазалағыш, тілдегіш.

Ойран болған

Ой менсанабəріде,

Бүтінделмейекіжетпес, біркеміс.

 

Сапаралдысансызсұрақкөктұман,

Өзін-өзіөртеп құрттыоттыжан.

Қанағатсызқудүниеаумайды,

Пышақалдыкүйсепжатқантоқтыдан.

 

 

 

 

 

 

* * *

 

Шұбалаңқұйрықшұбаркүн,

Кіндігінкескінбұлəннің.

Сұлудыңжүзінашады,

Көзінебіткенмұнар-мұң.

 

ЖаратқанХаққажалынып,

Сарғайсынмұңға салынып,

Жыласынкейдеарулар

Шықтағангүлдей малынып.

 

Жылатыпкелербақтегі,

Бұл өмірнеткенқаттыеді.

Жылайдабілгенарудың,

Күлгені қандайтəттіеді.

 

 

 

* * *

 

Адамдааңыз,

Түлкідеаңыз, аң дааңыз,

Орға түсертұсыңыздытаңдаңыз.

Түлкіісінқұйрығыменойлайды,

Қапиядақалмаңыз,Һəм, аңдаңыз!?

Түлкіғой ол, тумысынансолай-ды,

Күліп тұрып тонайды,

Аузымененалыпберерол айды.

Ақылынанадасқанжанболмаса,

Түлкігекімжолайды.

Момақансыптүлкілігінжасырған,

Сабақалғын ғасырдан.

Өз құйрығын түлкіқымбаткөреді,

Сенің анаубасыңнан.

 

 

* * *

 

Гүл бақшаныңжұпарындайаңқыған,

Айнымаған салтынан.

Мына сұлуқайхалықтыңқұлыны,

Ақ сағымбопқалқыған.

 

Көздерініңжəудірқаратұнбасы,

Хан қызындайбірбасы.

Пернеңізденкеттібасыпперіште,

Жырлажүрек, жырлашы.

 

Көз қанбағаншөліркеген, шөлдеген,

Жалынмынменсөнбеген.

Сақалменмұртақылайтып көргенмен,

Асаукөңілкөнбеген.

 

 

* * *

 

Гүлдержатырбаларасынменшіктеп,

Шығарыптұр жаназасынкөлшіккөп.

Өзін-өзіотқаəкеліптастады,

Өлең-жырдыңшаранасыөршіп кеп.

 

Саған айтып көңілсырынеліттім,

Маған айттыөміршынын желіпкүн.

Екікөзіботалағанөлең тұр,

Лағындай еліктің.

 

Маңыстайдымаңырағаншерліміз,

Неайтамызендібіз!?

Көңілімніңайнасынанүңіліп,

Кемсеңқағыпкелдікүз.

 

 

* * *

 

Ұяң сəуле– ұяң жүндейүлпілдек,

Ұяңсың-аушіркін, көк.

Ұясынан күн төгіп тұр ақнұрын,

Біздерөмірсүрсіндеп.

Сəулесін-ай жарықкүннің тəп-тəтті,

Жастығымажарықнұрын жастапты.

Біз өмірдірəсуақылғансоң,

Күн деқашабастапты.

Батқалытұр, өкпе-назыбарсынды,

Ақ сəулесісарқылды.

Ал содансоң бұқамүйізқаратүн,

Қаратауғаартылды.

 

 

* * *

 

Қанағатсызындынкөрдімтерең-ақ,

Ала бермекодантүйе, сененат.

Ит көзіне– бұлдүниеқусүйек,

Иесінежілікмайыкерек-ақ.

 

Жыроқыпемкүбір-күбіркүлісті,

Безіп кетті, жырұшты.

Таңқыниет тарылтып-ақбарады,

Ұлтқабіткентынысты.

 

 

* * *

 

Жеп біткен-діжүйкеммененетімді,

Өлеңжаздықсоданендіне тынды?

Жырнайзағай күмісбұтақ, қарабұлт,

Қаракөздіңқантамырысекілді.

 

Нөсерлетіп, селқаптатып, тасынды,

Таутолқындартауғабарыпасылды.

Жүрегімдіжүзперіштеұрлап ап,

Келеркүннің кеудесінежасырды.

 

* * *

 

Бабыркеруен,

БабакеруенТұраным.

Саған тостымжүрегімніңқұлағын.

Сансызбабтарсазыншертіптұр міне,

АқсақТемір, Құл Ахметқожаның.

 

Сахабаларсайранбақтыңбұлбұлы,

Көп іздегенКөкТəңірінұрлыны.

Үш жүзалпысəулиенітербеткен,

Біздіңелдіңжанарындатұр мұңы.

 

Сайғағына құзғын қонған сұңқылдап,

Өлген ерлержатырəне«Ұлтым»-дап.

Ғасырөтіп баражатыртұсынан,

Еркегіез, ұрғашысыбұлтыңдап.

 

ЖелазынапАсан қайғыымдады,

ҚобызсазынҚорқыткеліптыңдады.

Шынақындаршырылдайдыот кешіп,

Маңдайының ашылмағанбірбағы.

 

Махамбеттұр найзасынасүйеніп,

Қосішеккеқоңырсазбенкүй өріп.

Өз отымажылынамынменқашан,

Қазақдегенбірқарашаүй едік.

 

Əбілқайыр, Абылайменсырласты.

Көңіл гүлдеп, көктіжасылжырбасты.

Ай мойынын жұлдызбененмоншақтап,

Аспан менжерқұшақтасыпжымдасты.

 

Қаншатасқақалайтимекмаңдайым,

Қарақтығааян меніңхал-жайым.

Боз төбеніңботабоздапастынан,

Тарихмағанкөрсетедітаңдайын.

 

 

ЕСЕЛЕП МАҒАН НҰРҚҰЙДЫ

 

Ал, енді, бастаерейін,

Ізіңнен боздапжелейін.

 

Күмістесыңғырүніңіз.

Жол бастапдəйімжүріңіз.

 

Еселепмағаннұр құйды,

Кеселепжүрекқылғиды.

 

Жолаушыданбұйымбір,

Тастамажолғақұйын жыр!?

 

Өзегімөрт бопкүйіп жүр,

Өгейсіп кетпейсүйіп жүр.

 

Іздемес, сірə, құлды– құл,

Іздесінбірақжырды– жыр.

 

 

* * *

 

Көкүйрекұштыкөлқалды,

Көңілдеыстықшөл қалды.

Ұялы үйрек, қазкетті,

Жамырапқырдатөл қалды.

 

Балапан көктешаттанды,

Байыздады, баптанды.

Бабасысалғансүрлеумен,

Қош айтып сосынаттанды.

 

Мамығын тастапқатайды,

Сап түзеп, міне, сақайды.

Өткіншіжалған дүние,

«Өмір» депмұныатайды.

 

 

Сабыр Адай,

Ақтау қаласы.

Qazaqstan dauiri газетінен