Мәден Мұсаев: Адам өмірін қауіпсіз ету – басты ұстанымым
Құрметті жерлестер, қадірменді партияластар!
Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы біздің де өмірімізді өзгертіп, көптеген мәселелерді туындатуда. Бұл кезең біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді.
Қандай сын болса да мен мүше болып отырған «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!
Халқымыз әрине «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және жаңа бастамалар күтуде. Осы негізде біз жүйелі партияның қайта қалпына келуін және партия ішіндегі ашық сайлау – праймеризді өткіземіз.
Мен Сіздердің сенімдеріңізді бағалаймын және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін! Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Мойынқұм ауданы аграрлық-өнеркәсіптік аймақ екені бәріңізге белгілі.
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы секторларының тұрақты жұмысы және инвестициялар тарту есебінен COVID-19 пандемиясы жағдайында өңір экономикасындағы шығындарға жол бермей, жұмыс орындарын сақтап қалды.
Менің сайлауалды бағдарламам мына бағыттарды қамтитын болады:
1. Перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Бұл жыл сайын 90 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп, ауданымызда алдағы 5 жыл ішінде шамамен 6,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруға қол жеткізеді.
2. Ауылшаруашылық саласында пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалып, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлердің санын және өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
3. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 6 жаңа жобасына жыл сайын қаржылық қолдау көрсету.
4. Жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға жәрдемдесетін боламыз. «Nur Otan» партиясының мақсаты — автомобиль жолдарының сапасын арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100% ға жеткізу болып табылады.
5. Аудан шөлейтті зонада орналасқан. Осы себепті ауыз су тапшылығы орын алған аудандардың бірі екені рас. Мен аудан халқын ауыз сумен және газбен қамтамасыз етуге үлкен ықпал көрсететін боламын. Мойынқұм ауданында 24 ауылдық елді мекеннің 17-сі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген немесе 70,8 % (тұрғындардың 87,4%) құрайды. Ендігі алға қойып отырған мақсат – 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтуды 97,5 %-ға жеткізу.
6. Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету – өңір тұрғындарының басты проблемасын шешу. Мен отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет деп санаймын. Осы негізде 2020 жылы ауданда 8 елді мекенде «Асарлатып үй салу» жобасын қолға алдық. Алдағы уақытта 2025 жылға дейін 21,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге қол жеткізу көзделіп отыр.
7. Экологиялық салауаттылық — жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Біз оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестиция салу үшін қолайлы жағдайларға қол жеткіземіз.
8. Аудан тұрғындары табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс. Ол үшін мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 6,0 %-ға ұлғайтуға ықпал ететін боламын.
9. Қоғам байлығы – адам саулығы дейтін болсақ, сол адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету менің басты ұстанымымның бірі болмақ.
Ол үшін Мойынқұм ауылында 15 бейнебақылау камерасын орнатуға, полиция қызметкерлерін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдарымен жабдықтауға; 2 өрт сөндіру бекеттерін құруға (Бірлік, Шығанақ ауылдары); ұзындығы 12 шақырымнан астам Шу өзеніне жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуге ықпал жасамақпын.
10. Жастар – ел болашағы. Жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс. Мойынқұм ауданында 8,0 мыңға жуық жас өмір сүреді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жұмыссыз жастарды толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту және бекіту. Ол үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін ауданға кемінде 300 жас білікті мамандарды тарту (100-ден астам маманға бюджеттік кредит пен 200-ге жуық маманға көтерме жәрдемақы беру арқылы); «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде жыл сайын жастарды көптеп жұмысқа тарту; Өз ісін ашуға және бизнес жүргізуге көптеп грант бөлу, ауданның шаруа қожалықтары, ұйымдарымен меморандумдар жасау жолымен жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге ықпал жасайтын боламын.
Құрметті Мойынқұм ауданының тұрғындары!
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады. Мен cіздердің сенімдеріңізді ақтауды басты міндетім деп санаймын. Ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруге лайықты. Сондықтан осы мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды сіздермен бірлесе құрамыз деп сенемін. Біз біргеміз!
«Nur Otan» партиясының партияішілік праймеризіне қатысушы үміткер
өмірбаяны
1963 жылы 8 қарашада Шу ауданы, Бірлікүстем ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын 1989 жылы, мал дәрігері, Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін 1998 жылы, құқықтану, Қазақ ұлттық аграрлық университетін 2013 жылы жерге орналастыру мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қордай ауданындағы «Жаңа тұрмыс» совхозының малдәрігері болып бастаған. 1990-2004 жылдары «Путь Ленина» колхозының бас малдәрігері, «Ақ бұлақ» акционерлік қоғамының аға малдәрігері, «Сарыбұлақ» совхозының бас зоотехнигі, мал шаруашылығы цехының бастығы, Шу ауданындағы «Бірлікүстем» өндірістік кооперативінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2004-2018 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, Мойынқұм ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды.
2018 жылдың 17 қазанынан бүгінгі күнге дейін Мойынқұм ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.
Ақ тілектер
Мәден Тоқтарбайұлының біздің ауданға әкім болып келгеніне екі жыл. Екі жылда ауданның тыныс-тіршілігіне жан бітіріп, тамырына қан жүгіртті. Жиырма жылдан бері ұмыт болған ауылшаруашылығының, оның ішінде суармалы егістікті қайта қолға алды. Аудан, ауыл халқы дән риза. Қаншама егіс алқаптары тазаланып, оған қажетті техникалар да алынды. Әлеуметтік салаға да көңіл бөлініп, ауылдарға ауыз су беріліп жатыр. Құмөзек ауылында асарлатып екі үй салынып жатыр. Ауылымызға келетін жол жөнделіп, ауылға интернет желісі қосылды. Футбол алаңшалары үшін мың рахмет! Сіз парламент мәжілісінің депутаты болуға лайықтысыз. Ақ жол тілейміз!
Зейнеткер Саурықов Байзақ
Мойынқұм суға зәру. Біз газетімізде бұл өзекті мәселені дүркін-дүркін көтердік. Ал Мәден бауырымыздың осы мәселені шеше білуі нағыз ерлік. Каналдар тазаланып, шөл даланы суалмалы жерге айналдыру дегеніміз бұл өңірге берекенің келгені. Ойы қарымды, өзі дарынды азамат депутат болса бұдан да зор толағай істерді жүзеге асыратыны даусыз. Тілектеспіз!
«Qazaqstan dauiri» газеті