Елордада Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды
Тәуелсіздік сарайында «Қайырымды қала тұрғындары» эссе байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Шара ұлы ғалым Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орайластырылған.
«Әл-Фарабидің өмірбаяны», «Ұлы ойшылдың рухани мұрасы», «Әл-Фарабидің ғылыми-шығармашылық жұмыстары», «Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі», «Әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін өзектілігі» және т.б. тақырыптар бойынша ең жақсы жұмыстар таңдап алынды.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша мектеп оқушылары, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында екі номинация бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.
Мектеп оқушылары арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Мақпал Батталова, И. Құтпанұлы атындағы орта мектеп;
2 орын – Сәния Жүнісова, №28 мектеп-лицей;
3 орын – Айлин Қайратова, №72 мектеп-лицей.
ЖОО мен колледж студенттері арасында:
1 орын – Гүлназ Терлікбаева, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
2 орын – Индира Сұлтанғалиева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
3 орын – Айдана Қайыржанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Сонымен қатар ЖОО, колледж студенттері мен оқушылар арасынан 20 қатысушыға 10 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Байқауды Нұр-Сұлтан қалалық Дін істері мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды. Шараға Нұр-Сұлтан қалалық дін істері басқармасының басшысы Н.Әлмұханов, Дін істері мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Қарашолақов, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Д.Қамзабекұлы, филология ғылымдарының кандидаты З.Малғараева және Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары С.Даушова қатысты.