Қарағанды облысында көпбалалы әкеге үй сыйлады
Қарағанды облысында тағы бір көпбалалы отбасы баспаналы болды. «Харекет» қайырымдылық қоры төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке Серік Бәкіровке үй сыйлады.
Қор Нұра ауданының Көбетей ауылынан келген көпбалалы отбасының қиын жағдайы туралы естіген. Бес адам мекендеп жатқан ескі екі бөлмелі саман үй апатты жағдайда. Қор өкілі Азамат Мұқашев өз көмегін ұсынған.Тұрғын үй сатып алуға қажетті сома жанашыр азаматтардың қолдауымен жиналды. Отбасы енді бес бөлмелі жылы және жайлы үйде тұрады.
— Менің үлкен ұлым 20 жаста, кенжем 9 жаста. Маған жалғызбастымын, әрине, қиын. Қорға және көмектескендердің барлығына рахмет. Ең бастысы, үйдің жанында баққа арналған үлкен жер телімі бар, — деді Серік Бәкіров.
Облыстық қайырымдылық қорының бөлімшесінде биыл «15 күнде 30 үй» акциясы аясында қарағандылық төрт отбасы баспаналы болады деп хабарлады.
Аяулым СОВЕТ
ҚАРАҒАНДЫ.