Нұргүл Тауқызы: Жазғы демалыста 179 900 жасөспірім демалады
Жазғы каникулдың бітуіне де аз қалды. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы ерекше әсерге бөленетін, үш ай оқу-сызудан босап, айызы қанғанша ойнап, суға шомылып сергіп алуы олардың физикалық және психологиялық жағынан жақсы өсуіне ықпал етері сөзсіз. Осы орайда біз Алматы қаласы Білім басқармасының Рухани адамгершілік тәрбие жән е өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Тау Нұргүл Тауқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.
— Биыл ҚР Премьер-министрінің «20162019 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» арнайы өкімі бекітілді. Осыған орай Білім басқармасы тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда?
— Өте орынды сұрақ. Министрлік бекіткен өкімді орындау үшін биыл Білім басқармасының тарапынан нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен 190 млн. теңге бөлініп, «Спутник», «Огонек» және «Өрнек» балалар лагерьлеріне ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, көп балалы отбасылар мен мүгедектер, мүмкіндігі шектеулілер мен экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын мектептердің үздік оқушылары қамтылды. Олардың жалпы саны 4050-ді құрады. Аталған лагерьлерде алғашқы ауысым мау сым айынан басталып, бүгінгі күнге дейін 3563 бала тегін демалып қайтты. Маусым басталысымен, бастауыш сынып ба лаларына арналған лагерьлерге 27134 оқушы жіберілді. Ал әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан 1479 оқушы тегін демалды. 5-6 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілін оқу бойынша 379 лагерь 20 642 оқушымен жұмыс жасады. Сонымен қатар, республикалық «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығына маусым, шілде және тамыз айларында демалуға 100 оқушы тегін жолдама алды. Жаз бойы 22226 оқушы 25 қосымша білім беру ұйымдары мен мектептерде, үйірмелер мен спорттық секцияларда, сондай-ақ, интеллектуалдық бағыттағы жиындарға белсене қатысты.
Жалпы, биылғы жазғы демалыста шамамен 179 900 жасөспірім қамтылады деп жоспарланды. Бұл көрсеткіш қала оқушыларының 96%ын құрап отыр.
— Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысында олардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтау мәселесі қамтылған ба?
— Әлбетте, ол бірінші кезектегі мәселе. Оқушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін Алматы қаласы әкімдігі өз бақылауына алды. Мұнымен қоса, дер кезінде көмек көрсету үшін барлық құзыретті органдар бірлесіп жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде балаларға арнайы сақтық шаралары толық түсіндірілді. Сонымен қатар, әр аудандық Төтенше жағдай басқармасы оқушылардың өзен-көлдерде рұқсатсыз шомылуына қатаң тыйым салды.
Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі, Алматы қаласы Білім басқармасы, Төтенше жағдайлар Департаменті және «Алматы қаласы Кәсіподағы» қызметкерлерінің қатысуымен лагерьлерде қауіпсіздіктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары маусым-тамыз айлары аралығында тұрақты жүргізілді. Осы бағытта 21 семинар-кеңес ұйымдастырылып, оған 675 адам қатысты. Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2016 жылғы 13 мамыр күнгі №157, Алматы қаласы Білім басқармасының 2016 жылғы 26 мамыр күнгі №181 және Алматы қаласы Денсаулық басқармасының 2016 жылғы 27 мамыр күнгі №192 «2016 жылғы жазғы сауықтыру маусымы кезінде балаларды сауықтыруды ұйымдастыру туралы» бірлескен бұйрығы бекітіліп, қала оқушыларын сауықтыру кезіндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселесі назардан тыс қалмады.
— Оқушыларды жазғы демалыста демалуымен қатар, жұмысқа араластыру қажет деп ойлайсыз ба?
— Олардың мүмкіншілігін ескере отырып, қауқары жететін жұмысқа тартуға қарсы емеспін. Мәселен, көгалдандырумен айналысатын болса, ойы сергиді, денесі шымырланады. «Жұмыспен қамту» Заңына сәйкес, 14-16 жа стан бастап еңбекке араластыру үшін жұмыс істеуге ниеттілерінің ата-анасымен келісімшарт жасасып, жалақысын Еңбек кодексіне сәйкес төлеуі керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі де мәлімдеген болатын. Ең алдымен, тәрбиенің бастауы — еңбек. Сол себепті баланың саналы болып өсуі үшін жастайынан шаруаға бейімдеуіміз керек.
—Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Жұлдыз ӘБІЛ