ЗАУАЛ-МАХАН ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін ауданымыздың медицина саласында көп жылдар бойы абыройлы еңбек еткен, ауылдың өркендеуіне атсалысып, жастарға ұстаз, ақылшы, қамқор болып «Ел ағасы» атанған Абзалбеков Зауал — Маханның құрметіне ауылдық медициналық ғимаратына ескерткіш тақтайша орнатылды.

 

 

Кейінгіге үлгі, өнеге болған Абзалбеков Зауал – Махан — Игілік ауылына Фельдшер-акушерлік пунктіне меңгеруші етіп қызмет атқарған. 1973 жылы «Социалистік жарыстың» жеңімпазы төс белгісімен марапатталған. Қызмет ете жүріп, аудандық аурухана мен ауылдық кеңестің қоғамдық жұмыстарының белсенді мүшесі әрі атқарушысы болды.

 

 

Аудандық ауруханада бастауыш партия ұйымы секретарының орынбасары және фельдшерлер кеңесінің төрағасы, аудандық кеңесте, кәсіподақ ұйымының төрағасы болып көп жыл қызмет атқарды.
«Өз ісінің шебері» деген аудандық конкурстардың бірнеше рет жеңімпазы болып, облыстық конкурстардың жүлделеріне ие болған.

 

 

Бірнеше рет аудандық, облыстық денсаулық сақтау бөлімдерінің және аудан әкімдерінің мадақтамалары мен «Құрмет» грамоталарымен марапатталған.
Осылай Зауал – Махан ағамыздың елеулі еңбегі бағаланып,
бірнеше рет мемлекеттік наградалармен де марапатталған.
Сондай-ақ, 2001-жылы «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен,
2016 жылы ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері»
медалімен, 2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Игілік ауылында туып, өскен, ағамыз ауыл тұрғындарының басы ауырып, балтыры сыздап дертіне шипа іздеп келген жанға әрдайым,
жаны жайсаң білікті дәрігер ағамыз елгезектікпен қарап, емінің шипасы тиіп, талайлардың үлкен алғысына бөленген жан болған еді.

 

Бүгінгі игілікті істің бастамасына аудан әкімінің орынбасары
Олжас Көкей және ауданымыздың зиялы қауымы мен еңбек ардагерлері қатысты.
Игі шарада Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Аппазов Серік, «Ғұмыр дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионовтар сөз сөйлеп, бүгінгі шараның мазмұнына тоқталды. Ескерткіш-тақтайшасының ашу құрметі аудандық мәслихат хатшысы Бегеев Сағымбек Арыстанұлы және ардагер кенші Алпыс Жақсылықовқа берілді.
Аудан әкімінің «Ықылас» гүлі қойылып, Ел ағасы атанған Зауал — Маханның халыққа еткен еңбегі еленді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу аудан