Бір тәулік ішінде мобильді топтар 50-ден астам шағын және орта бизнес субьектін тексерді

Елордада карантинді бұзушыларды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 14 қазанда 53 нысанға мониторинг жүргізіліп, 13-інде бұзушылықтар анықталды. Көбіне қоғамдық тамақтану, сауда орындары, сұлулық салондары, компьютерлік клубтарда ережелер сақталмайды. Онда сатушылар мен келушілер қашықтық пен маска тағу тәртібін елемейді. Антисептиктер, дезинфекция төсеніштері жоқ, нысанның кіреберісінде келушілер термометриясы жүргізілмейді.

 

 

Барлық бұзушылықтар бойынша Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы қызметкерлері хаттама толтырады. Кейін материалдар қарау және әкімшілік шаралар қолдану үшін Нұр-Сұлтан қалалық ТҚСҚБД аудандық бөлімдеріне жіберіледі.

 

 

Елордада сегіз мобильді топ жұмыс істейді. 5 шілдеден бастап 1973 нысанға мониторинг жүргізілді. Оның ішінде тамақтану орындары – 873, коммуналдық қызметтер – 276, балабақшалар – 50, мектептер – 130, денсаулық сақтау – 50, сауда – 390, өндірістік – 4, өндіріс – 79, басқа нысандар (компьютерлік клуб, бильярд, лотерея клубы, интернет клуб, кинозал, кальян бар, гүл дүкені, фитнес және т.б.) – 117 және бірқатар әлеуметтік нысандар тексерілді.

 

 

634 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 138 781 098 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.