ҚАЗАҚТЫҢ АТЫМТАЙ ЖОМАРТЫ

Арқаның Арқа ғана емес Қазақтың АТЫМТАЙ ЖОМАРТЫ, танымал меценат, Қарағанды облыстық маслихатының депутаты, қайраткер, жезқазғандық арда азамат Бекзат Қонарұлы Алтынбеков негізін қалап, екінші рет өткізген дәстүрлі «Тұлға» силығы биылғы жылы «Рухани жаңғыру» аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы құрметіне, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына кәсіптік-техникалық білім беру саласының 80 жылдығына орай ұйымдастырылыпты.

 

У главы Карагандинской области новый советник - Информационный портал Караганды

 

Айтулы шараны Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұтұлы бейнежазба арқылы ашып, құттықтау сөзін арнады.

 

 

Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұтұлы

 

Облыс әкімі өз сөзінде ел игілігі үшін жасалған қызметтің ешқашан ескерусіз қалмайтындығын айта келе, Бекзат Қомарұлына алғысын білдірді.

Сонымен, арнайы шақырылған қонақтарға бар сый-құрметті көрсетіп, аппақ лимузинмен қаланы аралатып әкеліп, Жезқазған қаласының мәдени ошағы – «Достық» үйінің алдына карантиннің барлық сақтық шараларын сақтай отырып, қызыл кілемнің үстімен жүргізіп төрге шығарды.

 

 

Екінші рет өткізіліп отырған шараның биылғы жылы географиясы да кеңейіп, мемлекетіміздің төрт бұрышы қамтылыпты! Арқаның арқалы ақыны Серік Ақсұңқар, махаббаттың символы болған қазақ киносының классикалық туындысы «Қыз Жібек» фильмінде Жібек ролін сомдаған Меруерт Өтекешова, шығыстан Шағангүл Жанаева, Балқаштық Қарлығаштай ұлағатты ұстазтар, Оралдан Ербол, Қостанайдан Азаматтай жас актерлар, Алашшыл ақын қыз Танакөз сынды талант иегерлерінің марапатталуының ерекше мәні бар!

 

 

Меруерт Өтекешова

 

 

Музейдегі кездесуден

 

V

 

 

 

Марапаттау сәтінен

 

 Ұлттық «Дәстүр» шеберлер орталығы қазақтың Атымтай Жомарты, Бекзат мырзаға арнайы сыйлық тапсырды 

 

 

Қуанышты сәттерден

 

 

 

 

Бұл шараның тағы бір ерекшелігі өмірден өткен жергілікті еңбек майталмандары атынан да арнайы сыйлықтардың тағайындалуы болды. Бекзаттың ұжымының, ел-жұртының айтулы шараға деген пейілдері, қолдаулары бірлігі жарасқан үлкен қауымды көз алдыңа әкеледі. Елдің елдігі деп осындайда бекер айтылмаған. Сонымен қатар айтулы «Тұлға» силығы сый-кәдесін жасаған Қызылордалық қолөнер шебері, ағаштан түйін түйген Пахреддин Садықов ұстаның көз тұндырар тамаша туындыларынан ұйымдастырылған көрме де, келген қонақтарға, жиылған жұртқа үлкен рухани ләззат силады! Көрме түрінен орын алған мына туындыларға назар аударсаңыздар:

 

Қызылордалық қолөнер шебері Пахреддин Садықов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылордалық қолөнер шебері және оның таңғажайып туындылары туралы материалды газетіміздің келесі номерінен және сайттардан оқи алатын боласыздар. Сонымен қатар осы шараға келу барысында арасында «Алаша хан» кесенесі мен «Жошы хан» мазарына, Ұлытаудағы «Хан ордасына» да сапарлап қайттық.

 

 

Бұл сапарымыз жайлы мақаланы да газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Тағы да айта кететін жайт, айтулы силықтың төл атымен тамаша форматтағы «Тұлға» журналының жарық көруі. Батыр Бауыржан Момышұлының «Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей беріле бермеген» деген қанатты сөзі еліміздегі туындап отырған қиындықтарға қарамай, осыдан бір жыл бұрын жоспарланған ісін жүзеге асыруына Бекзаттай тәуекелшіл, қиындықтан қорықпай, барды бардай көрсете білетін ҮЛКЕН ЖҮРЕК иелеріне бағытталған болса керек!

 

 

Бекзат Қомарұлы біраз сауалдарыма жауап бере отырып, алдағы уақыттарда әлі де болса әр саладағы үздіктердердің ауқымын кеңейтпек жоспарларымен бөлісті. Еліміздің іскер, кәсіпкер азаматтарын осындай игі істерге мұрындық болуға шақырамын деп үндеу тастауы да ҮЛКЕН ЖҮРЕКТТІЛІКТІҢ, НАҒЫЗ АЗАМАТТЫҢ бейнесі екендігін көрсетеді!

 

 

Арқаның арқалы ақыны Серік Ақсңқар меен Бекзат Қомарұлы Балқаштан келген Қарлығашпен бірге

 

Бекзаттай азаматтың осындай қазағыма тән пейілі кең азаматтығына, мәрттігіне аса ризашылықпен, қимай қоштастық.

Өзіңдей қазақ жігіттерінің барына мақтана отырып, сөзімнің соңын қазақтың ақиық ақын қыздарының бірі Тұрсынхан Абдрахманованың мына өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдім.

Азамат!

Байыбына бара алғанға ғажап-ақ!

Жалғыз сөзде жатыр қанша мағына,

Жігітті алар көп күнәдан тазалап!

Азамат!

Бүркеншік те, лақап та емес, жария ат.

Азамат деп сүйсінеді ел-жұртың

Биік болса адамшылық, ар-ұят!

Азамат!

Бұл өмірден жанып өту алаулап.

Кешір достым, бөрік киген бастар көп

Ал Азамат

Шын Азамат, санаулы-ақ!

АЗАМАТ!

Бар бол, нар бол АЗАМАТЫМ! Алла ниетіңе бере берсін! Әумин!