Біздің қаламыздың дамуына менің ҮЛЕСІМ

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров шетелде оқитын ақтөбелік студенттердің шақыруын қабыл алып,кездесу өткізді.
Біздің қаламыздың дамуындағы менің үлесім. Осы тақырыпта жастар ой бөлісті.

 

 

Шетелде оқитын ақтөбелік студенттер мамандық алғаннан кейін біздің қаламыздың дамуына қалай үлес қоса алады? Жастар өз мамандықтарын, алған білімдерін Ақтөбеде тиімді пайдалану туралы көзқарастарын, жобаларын, ой-пікірлерін айтты. Ұлыбританияның,Қытайдың,Францияның,Кореяның,Канаданың,Ресейдің үздік оқу орындарында оқып жүрген біздің балалар өздері ертеңгі күні маман атанатын салалары бойынша сұрақтарын қойды. Біздің қаламызға ортақ мәселерге шетелде оқып жүрген жастардың өз ойлары,көзқарастары бар екен. Және олар оны шешу жолдары туралы өз ұсыныс-тілектерін еркін форматта өткен кездесу барысында айтып жеткізді. Ән айтып,өнер көрсеткен жастар да болды.

 

«Сіздерге қарап шетелдіктер Ақтөбені ғана емес,елімізді,ұлтымызды таниды. Сондықтан,жақсы оқыңыздар,отбасында алған жақсы тәрбиені,мәдениеттілікті ұстаныңыздар,абыройлы болыңыздар. Алған білімдеріңізбен еліміздің дамуына қызмет етулеріңізге тілектеспін»,- деді қала әкімі Асхат Шахаров.