Бәрекелді, стадион жаңартылды.!

Қарағандыда қайта қалпына келтіру жұмыстарынан соң «Литейщик» стадионы ашылды

Майқұдықтың 12-ші шағын ауданында орналасқан «Литейщик» стадионы екінші тыныс алды. Кеңес жылдарында мұнда дәл осындай атаумен зауыттың футбол командасы ойнаған болатын. Екі жыл қатарынан, 1979 және 1980 жылдары «Литейщик» Қарағанды облысының чемпионы атанды. 20 жылдан астам стадион жұмыс істемеді. Бұл жай ғана қаңырап қалған бос орынға айналды.

Қазір мұнда 90 да 60 метрге дейін жасанды көгалдар, тартан жүгіру жолдары және сегіз тренажер орнатылды. Қоршау мен жарықтандыру бар. Футболдан ғана емес, жеңіл атлетикадан да жаттығулар өтзуге мүмкіндік бар. Стадионға балалар мен ересектер келе алады. Жұмыс уақыты — 09.00-ден 23.00-ге дейін. Стадионға кіру және сабақтар тегін.

Стадион ауданы мұнда баскетбол және волейбол шағын алаңдарын орналастыруға мүмкіндік береді. Жақын арада бұл жоспарлар жүзеге асырылуы әбден мүмкін.

— Маған алаң ұнады, — деді «Шахтер» футбол орталығының жаттықтырушысы Петр Асылбаев. – 70-ші жылдардағы ескі стадионмен салыстырғанда, қазіргі қалпы керемет. Мұнда қалалық, аудандық және облыстық жарыстарды өткізуге болады. Осындай керемет сыйлық үшін қала мен облыс басшылығына рахмет. Қала үшін үлкен іс атқарылды.

Стадионның ашылуына спорт қауымдастығы мен қарағандылықтар шақырылды. Салтанатқа Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келді.

— Біз спортқа көп көңіл бөлеміз, — деп атап өтті Ермағанбет Қабдолұлы. — Облыс әкімінің бастамасымен биылғы жылы қаланың ескі стадионы жөнделді. «Шеткері аймақсыз қала» тұжырымдамасын ұстану керек. Барлық аудандардың тұрғындары спортпен шұғылдануға мүмкіндік алуы тиіс.

 

                                                                                                        Жомарт Шаймұрат