Мемлекетке 10 млрд. теңгеге жуық залал келген

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов: «2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың 1644 фактісі анықталды. Аталмыш фактілер бойынша қозғалған 1038 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Тіркелген қылмыстардың құрамы мынадай: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу — 238, алаяқтық — 63, жалған кәсіпкерлік — 8, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазумен байланысты әрекеттер жасау — 2, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру — 4, экономикалық контрабанда — 1, лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану — 462, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану — 14, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу —  4, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау — 5, пара алу — 377, пара беру — 114, парақорлыққа делдал болу — 15, қызметтік жалғандық жасау — 323, қызметтегі әрекетсіздік — 4, билікті теріс пайдалану — 10», — десе, Ұлттық бюро: «Сыбайлас жемқорлық санатындағы аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы көлемі 9,5 млрд. теңге», — деп жазады.

Ермек Назым