«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»
2020 жылғы 8 қазанда Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының шақыруымен тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Медеубаева Жанар Мұратбекқызы ZOOM режимінде Жаңаарқа және Шет ауданы жұршылығымен кездесті.
Ол Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын негізгі ережелерін түсіндірді.
Тыңдаушылар арасында мұғалімдер, дәрігерлер, жастар өкілдері болды.
Жомарт Шаймұрат