АУДАН ӘКІМІНІҢ ДОСБОЛДАҒЫ ІССАПАРЫ

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов жұмыс алгоритіміне сәйкес Досбол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиналысқа қатысқандар: аудандық мәслихат хатшысы Бегеев Сағынбек Арыстанұлы, аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы, сондай-ақ, аудандық құқық қорғау органдарының, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме басшылары қатысты.

 

Күн тәртібінде 2 мәселе:
1. Досбол ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Жиынды Сарысу ауданының әкімі Б. Жақсылықов ашып, жиынның жұмыс регламенті көпшілік дауыспен қабылданды.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге шығып сөйлегендер:
П. Алтынбеков – Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Ауылдық округ әкімінің есебіне, ауылдық округтің көрсеткіштеріне көңілі толатынын, ауыл тұрғындары атынан жоғары баға беріп, Досбол ауылына кіре берістегі көпірге дейінгі 1,5 шақырым жол мен Досбол – Үлкен Көкдала арасындағы 24 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, өткен жылы Саудакент ауылына келген 2,5 пайыздық несие Досбол ауылдық округіне келсе, ауыл тұрғындарына тиімді болатыны жөніндегі ұсынысын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімі Б. Жақсылықов: Жол мәселесі бойынша облыстық тиісті мекемелерге алдағы уақытта сұраныс беріліп, тиісті жұмыстар атқарылатынын, 2,5 пайыздық несие беру жұмыстары алдағы уақытта анықталатынын, қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы 6 пайызбен, көп балалы аналарға 4 пайызбен жұмыспен қамту орталығы арқылы беріліп жатқандығын, сол арқылы алуға мүмкіндік бар екенін айтып өтті.

 

 

Ал, зейнеткер О. Дүйсенбеков: Ауылдық округ әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ауылдағы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті:
1. Ауылдағы ауыз су мәселесі;
2. Шағалалы ауылына газ тарту;
3. Жастарға шағын футбол алаңын салу;
Сарысу ауданы әкімі Б. Жақсылықов: биылғы жылы Шағалалы ауылына газ кіргізу, ауыз су тарту бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын, шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы, стритворкаут келесі жылы салынатындығын жеткізді.
Сондай-ақ,ауыл тұрғыны Б. Мұхашов: Ауылдық округ әкімінің жұмысына жоғары бағасын беріп, Шағалалы ауылына дейінгі 9 шақырым жолды жөндеу, жиегін грейдермен тазалау керектігі және де, ауылға 1 клуб үйі қажет екендігі жөніндегі ұсынысын айтып өтті.
Ауданы әкімі Шағалалы ауылына дейінгі 9 шақырым жолдың жиегін тазалау бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін, клуб үйін салу бойынша қажетті қаржы көлемі есептеліп, алдағы уақытта жоспарға қойылатынын жеткізді.
Сонымен қатар ауылдық округ әкіміне аппараты жиында айтылған пікірлерге іс-шара жоспарын жасап, жұмыстар атқаруды тапсырды.
Осы сапар барысында аудан әкімі білім, мәдениет, қазандық, су жұмыстарын да назардан тыс қалдырмай аралап шықты.