ҰЛТТЫ ӨСІРЕТІН ДЕ, ӨШІРЕТІН ДЕ – ӘЙЕЛ!
Еліміздің президенті Қ.Тоқаев мырзаны қолдаймын, құрметтеймін, бірақ Президентіміздің өз Жолдауында, Ұлттық кеңесте әйелдердің парламентке үлкен компанияға басшы болуын ерекше қадап айтқанына қарсымын!
Кеңес одағының әйелдерді көтеру туралы саясатының кесірі, көзі ашық Алаш азаматтарына белгілі деңгейде кесірін тигізген еді. Жендеттердің қолшоқпарына айналған әйелдер отбасы институтын жойды. Бала-шаға бақытсыз, бай дәрменсіз күйге түсті…
Әйелдер, Алла берген міндетін өтесін! Отбасын құрсын, қазақтың санын көбейтсін, осыларды орындап болған соң ғана билікке, парламентке барсын! Онсыз да кәрі қыздар саны көп, бұл арзан абырой жинаудың жолы! Онсыз да қыз-келіншектеріміз өз болмысынан, тілінен, дінінен ажырады! Ұлттық құндылықтан ажырадық! Ұлтты өсіретін де өшіретін де әйелдер, естеріңе сақтаңдар!
Біздің менталитетімізге сай келмейтін талай істерді жасап, тілден, ділден, діннен ажырадық… Көгілдірлер деген бәле шықты… Ажырасу үдеп өсуде. Тірі жетімдер, некесіз туылғандар, жезөкшелер саны өсіп, қыздарымыз басқа елге жатқа кетіп жатыр. Бабаларымыз «қатынды бастан, баланы жастан» осыны неге айтқан?! Азаматтарымыз жасық, намыссыз, себебі әкесіз «өскен», бұл гендерлік саясаттың жемісі!
Мектепте директордан бастап мұғалімдердің 97%-ы әйелдер. Бұның бала тәрбиесіне кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан ер мұғалімдердің санын көбейту керек. Педагогикалық ЖОО грант бөлу керек. Әрине бұл менің пікірім, көпшіліктің жанайқайы!
Түбі тәрбиеміздің түп қазығына оралмай болмайды. Ұлт тәрбиесі өзгеріп кетті. Қазақ Ананы, жалпы әйел затын жоғары бағалай білген жұрт. Тарихты еске түсірсек, қазақтан қаншама ел басқара алатын ақылды, қайраткер әйелдер шықты. Олар өздерін ақылдылығымен, пайым-парасатымен, іскерлігімен мойындатты. Алайда кеңес дәуірінің әйел теңдігі деген саясатының зардабы ауыр тиді. Көбіне ол жүйе шолақ белсенді әйелдерді билікке әкелді. Өкінішке орай, әйелдер билікке тектілігімен, ақылымен емес, керісінше көркін бұлдап жететін үрдіске әкеліп соқтырды. Дұрысы, кейбір дөкей шенеуіктер беті жылтыраған әйел затын жайлы қызметке көтеретін жүйе қалыптастырды… Билік ауыспай, ұзақ отырса сол биліктен айырылмас үшін ұлтқа қажет құндылықтарды да құрбан ете береді. Әуелі ана болсын, ал саясатқа кейін өз жөнімен, жолымен жылжи бермей ме? Десек те, пайыз қуатындай, бізге не болды?! Әйелге ондай ауыр жүк артатындай, ондай мұқтаждыққа қазақ қоғамы әлі жете қойған жоқ. Керісінше, қыздарымыздың әдемі де биязы бейнесін сақтауға ынталы болдық. Саяси-әкімшілік жұмыс қатаң тәртіпке негізделген, жылуы аз орта ғой… Билікте әйелдерді көбейткенде не ұтамыз?! Онан да азаматтарымыздың үлесін көбейтейік! Ел боламыз десек, жастардың, азаматтардың үлес пайызын өсірейік, әйелдермен бірдей етпей!
Иә, ұлтымызды өшіретін де, өсіретін де әйел! Ол жоғарыда айтқанымыздай қызмет есебінен емес, отбасылық тәрбие арқылы жүзеге ассын.
Қадірлі Президент мырза, біздің айтайын дегеніміз де, алаңдайтынымыз да осы!