Бағыт-бағдары айқын саяси күш
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев өткен алты ай ішіндегі атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы БАҚ өкілдеріне баяндап берді. Қазіргі кезде облыста партияның 338 бастауыш партия ұйымында 114 мыңнан астам партия мүшесі бар. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 8 бастауыш партия ұйымы жаңадан құрылған. Олар: Талдықорған қалалық филиалына қарасты «Отан», «Өнер», «Ажар», «Тазалық», «Нұр», «Болашақ», «Ақпарат», «Береке» бастауыш партия ұйымдары. Облыс бойынша партия қатарына 6 айда 14 429 адам қабылданған. Ақпараттық-насихат топтарының негізінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыруды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалған.
Тоғыз партиялық жоба жүзеге асырылуда
Қазіргі уақытта партия филиалдары өңірдегі саяси жұмысқа қатты көңіл бөлуде. Күнделікті жұмыстарында нақты әлеуметтік топтарға (ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар, балалар, ауыл тұрғындары т.б.) бағытталған 9 партиялық жобаны жүзеге асыруда. Бұл жобаларды орындауға өңірдің белсенді азаматтары тартылып, партияның абырой-беделін көтеру үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Партиялық жобалардың тұжырымдамаларында белгіленген нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 1897 шаралар ұйымдастырылып, оған 153811 адам қатысты. Осы партиялық жобалардың жүзеге асырылуына 248 бастауыш партия ұйымдарының әлеуеті пайдаланылды. Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал етіп, ұйымдастыру және ақпараттандыру жұмыстарына атсалысты.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасының бір бағытына сәйкес Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ, Көксу және Қаратал аудандарында 56 әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделгендігі тексеріліп, мониторинг жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша әр нысанға бағалау парақшалары толтырылып, әлеуметтік нысанның қолжетімділігі анықталды. Қоғамдық бақылау тобы жүргізген рейдтер қорытындысы маусым айында өткен облыстық партия ұйымы Саяси Кеңесінің Бюро отырысында қаралып, нәтижесінде Кербұлақ, Қаратал аудандарындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері — мекеме басшыларына партия Жарғысына сәйкес алдын ала ескерту берілді. Бұл жұмыс үнемі партияның назарында болмақ және қоғамдық бақылау тобы алдағы уақытта өз жұмысын жалғас-тырады.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында сәуір айында 250 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің, 605 тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізіліп, әрқайсысына сұрау жүргізу парақтары мен әлеуметтік карталары толтырылды. Сауалнама барысында туындаған мәселелердің оңтайлы шешілуі бақылауға алынған. Жеңіс мерекесі қарсаңында барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері мекенжайы бойынша майдангерлерді құттықтап, аймақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары атынан құттықтау хат тапсырды. Мысалы, осы шаралар Іле, Қаратал, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында балаларды қорғау күніне орай «Нұр Отан» балаларға» республикалық акциясы барысында барлығы 55 шара ұйымдастырылып, қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы бойынша халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлердегі өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар санын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 51 семинар-кеңестер өтіп, 1078 адамға кеңес берілді.
Шаруаларға несие беріледі
Алматы облысы бойынша жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге дейінгі шағын несие беруге 2930,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі күні операторлар анықталған. Олар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалы (2 млрд. 430 млн. теңге) және «Аграрлық несие корпорациясы» Алматы облыстық филиалы (500 млн. теңге). Алайда құжаттардың толық рәсімделмеу себебінен оператор мен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасында келісімшарт жасалған жоқ. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалына аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына 178 тұлғадан түскен құжаттарды рәсімдеуде.
«Айқын тариф» партиялық жобасы екі бағыт бойынша жұмыс атқарып келеді. Бірінші, табиғи монополия субъектілері қаржысының жұмсалуына бақылауды күшейту бойынша тәуелсіз кәсіби сарапшыларды қатыстыра және ашық тексерулер жүргізе отырып, коммуналдық қызмет көрсету саласындағы инвестициялық бағдарламалардың дайындалуы мен орындалуына байланысты сараптама жұмыстары жүргізілді. Екінші, монополист-компаниялардың жаңғырту мен тарифті өзгерту жоспарына орай тұрғындарды хабардар ету іске асырылуда және облыстық, аумақтық партия филиалдары тарапынан бақылауға алынған.
Облыс бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 2308 партия мүшесінің қатысуымен 86 іс-шаралар ұйымдастырылған. Аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларында әр деңгейдегі мәслихат депутаттары тарифтер бойынша кеңес беріп, тұрғындармен 78 рет кездесулер өткізді. «Жастар Отанға», «Сәтті қадам» партиялық жобалар бойынша жастардың ұйымдастыруымен көптеген шаралар нәтижелі өтті.
Жұмыстың жариялылығы қамтамасыз етілуде
2016 жылдың 6 айында бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық жобалар бойынша жарияланған ақпарат саны — 1518. Атап айтқанда, республикалық, облыстық «Жетісу» телеарналарында 51 сюжет, баспа құралдарында 594 мақала, сайттарда — 35, ал «фейсбук» әлеуметтік желісінде 889 мақала жарияланды.
Жарияланған материалдардың басым көпшілігі партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ұлы дала елі», «Сәтті қадам» жобаларына арналды.
«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Президенттің Жолдауын, жер кодекісін түсіндіру және насихаттау бойынша облыстағы, аудан, қалалардағы ақпараттық-насихат топтары нәтижелі жұмыс атқарды. Әсіресе сайлауалды науқанында, жер кодексін түсіндіру барысында белсенділік танытты. Берілген есептер бойынша 4260 іс-шара өтіп, түсіндірілді.
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, аймақтық және аумақтық партия филиалдарының жұмысын жүйелі жүргізу үшін партия іс-шараларының республикалық желілік кестесін әзірледі. Аталмыш жоспарға Елбасының бастамаларын, Ұлт жоспары мен партия бағдарламаларын түсіндіру, партия органдарының жұмысы, тұрғындардың мәселелерін шешуге бағытталған партиялық жобалар т.б. іс-шаралар енгізілді.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының мақсатты түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін депутаттық фракция жанындағы тұрақты 5 комиссия мүшелерінің 15 тексеріс жұмыстары жүргізілді. Комиссия тарапынан әдістемелік нұсқаулықтар көрсетіліп, Алматы облыстық Саяси кеңес Бюросының, партиялық бақылау және депутаттық фракция жиналыстарында қаралып, қажетті деңгейде ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Депутаттар сайлаушылармен кездесті
Үстіміздегі жылдың 1-20 шілде күндері аралығында Алматы облысына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің 6 депутаты іссапармен келді. Бірнеше ауданда сайлаушылармен кездесулер өткізді. Бұл кездесулерде 84 өзекті мәселелер көтерілді. Халықтың көтерген күрделі мәселелері жөнінде депутаттар толыққанды жауаптарын беріп, алдағы уақытта біршама шаралардың жүзеге асырылатыны жөнінде хабардар етті.
Облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттардың саны — 334, оның ішінде 326-ы «Нұр Отан» партиясы мүшелері.
Депутаттық фракция жұмысының 2016 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, облыста 306 фракция мүшелері 615 кездесулер өткізіп, онда 23797 адам қатысқан. Саяси кеңес Бюросы және депутаттық фракцияның бірлескен 29 отырыстары, бастауыш партия ұйымдарында 310 есептер берілген. Партиялық тәртіп бойынша — 17, сайлауалды бағдарламаны талқылау бойынша 19 отырыс өткізілген.
306 фракция мүшелерінің барлығы облыстық «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған комиссия, жұмыс топтарының мүшелері. 20 депутаттық фракция жетекшілерінің 63%-ы аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары болып табылады.
Азаматтар өтініші мұқият қаралады
2016 жылдың 6 айы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1927 өтініш келіп түсті, оның 72 өтініші жазбаша, 1772-сі ауызша, 41-і телефон және 42-сі онлайн жүйесі арқылы түскен.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша 1760 қабылдау ұйымдастырылған. Кез келген өңір азаматы өзінің сұрағына, өтінішіне жауап ала алады. Аймақтық және аумақтық филиал төрағалары 66 қабылдау өткізіп, 94 азамат қабылдаса, әкім орынбасарлары 134 қабылдау өткізіп 139 адамның мұң-мұқтажын тыңдады. Барлық өтініштер мұқият қаралып, дер кезінде жауаптары берілді.
Мемлекеттік мекеме басшылары 892 қабылдау өткізіп, 794 адамды тыңдаған, құқық қорғау саласының қызметкерлері 197 қабылдау өткізіп, 191 адамды қабылдады. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 471 қабылдау өткізіп, 441 адаммен әңгімелескен. Облыс бойынша түскен 1927 өтініштің 471-і, яғни 25%-ы оңтайлы шешілді. Негізінен азаматтардың басым көпшілігі баспана, жер және жұмыс мәселесімен келіпті. Оларға қолданыста жүрген заңдар аясында көмектер немесе түсінік берілген.
Партиялық бақылау комиссиялары бар
«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасы және «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел» партиялық жобасын іске асыру бойынша 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 облыстық және 19 аумақтық партиялық бақылау комиссияларымен 41 отырыс, 5 кездесу, 1 көшпелі кездесу, 1 жиын, 4 дөңгелек үстел, 1 жоспардан тыс кездесу, 1 акция, 1 көшпелі семинар, 6 семинар-кеңес, 3 акциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мақала, әлеуметтік желіде 4 мақала жарияланды. Партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар халықтың назарынан тыс қалып көрген жоқ.
Аталған отырыстарда жұмыс жоспарлары бекітіліп, 9 мемлекеттік органдар басшыларының есептері, оның ішінде 3 бастауыш партия ұйымы басшыларының есептері тыңдалды. «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің оқыту кестесіне сәйкес, облыста лекторлар пулы құрылған. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 7 вебинар, 11 семинар-тренинг, 3 бейнебайланыс режимінде оқулар өткізілген. Оқуларға 209 адам — облыстық аппарат қызметкерлері, аумақтық партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдары қа-тысып, оның ішінде 30 адамға сертификаттар табысталды. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың бір қалыпты болуына қомақты үлес қосуда. Қазіргі кезде тұрғындар арасында атқа-рылып жатқан жұмыстардың санына емес, сапасына көңіл аударылуда.
Түйін:
Кездесу барысында БАҚ өкілдерінің қойған көкейтесті сұрақтарына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев егжей-тегжейлі жауап берді. Оның ішінде жерді игеру, партия мүшелігіне қабылдау, тілдерді оқыту т.б. мәселелер бар. Алдағы уақытта бағыт-бағдары айқын саяси күш болып саналатын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өзінің жұмысын жаңа талап тұрғысында жүргізуді мақсат етіп отыр.
Дайындаған Нұрила Бектемірова