Қарағанды облысының мониторингтік топтары бір тәулік ішінде карантиндік талаптарды бұзу бойынша 11 дерек анықтады
Соңғы тәулікте — 5 қарашада — Қарағанды облысында мониторингтік топтар карантиндік талаптардың 11 рет бұзылуын тіркеді. Нәтижесінде жеті әкімшілік айыппұл салынды.
4 ай ішінде — 2020 жылғы 5 шілде мен 5 қараша аралығында мобильді топтар 16 715 рейд жүргізді. 1 486 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам 1 065 әкімшілік айыппұл салынды.
Карантинді бұзудың ең көп саны дүкендерде, сауда орталықтарында және базарларда тіркелді. Бұл санитарлық нормаларды сақтамау, халыққа жеке қорғаныс құралдарынсыз — бетперде мен қолғапсыз қызмет көрсетуі. Сондай-ақ, барлық нысандар облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытын шектеу туралы талапты орындамайды.
Жедел ден қою орталығының ақпараты бойынша
Жомарт Шаймұрат