Екі солтүстікқазақстандық «СҚО-ның Құрметті азаматы» атағына иеленді

Мемлекеттік мереке – Конституция күнінің қарсаңында облыстық әкімдікте «СҚО-ның Құрметті азаматы» атағын тапсыру салтанаты болып өтті. Бұл марапатқа Иван Квашин мен Қайырлы Едіресов ие болды деп хабарлайды «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты СҚО әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов еңбек ардагерлерін құттықтай келе, олар үздіксіз еңбектерінің арқасында өңірді дамытуға үлкен үлес қосқандарын атап өтті. Оларға беру шешімі облыстық маслихаттың 5-ші сессиясының алтыншы шақырылымында қабылданған болатын.

DSC_9573Иван Иванович 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданының Ильинка селосында дүниеге келген. Көп балалы шаруалар отбасында тәрбиеленген ол жергілікті ұжымшарда ерте жастан-ақ жұмыс істей бастады. Оның болашақ мамандығын таңдауға ықпал еткен де осы жұмыс болатын. Иван Иванович Қарағанды облысындағы Айнабұлақ астық ұжымшарының бөлім агрономынан бастап, Булаев ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолынан өтті. Еңбек ардагерінің өмірбаянында партиялық жұмыс жеке орын алады. Сондай-ақ, 7 жылдан астам Иван Иванович Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек және жұмыспен қамту комитетін басқарды.

Қайырлы Едіресұлы Солтүстік Қазақстан облысының Ленинск ауданының Орталық ауылында дүниеге келген. Өмірінің елу жылын Қайырлы Едіресов облысымызда қызмет  жасауға, әлеуметтік-мәдени саланың өркендеуі үшін аянбай еңбек етуге арнады. 17 жылдан астам Есіл ауыл шаруашылығы колледжін басқарды. Содан соң, 8 жыл биліктің жергілікті өкілдікті органының басшысы болды. Сондай-ақ, Қайырлы Едіресов Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің облыстық Думаларымен  белсенді ынтымақтасып, сайлау органының статусын көтеру, депутаттық корпустың беделін арттыру мәселелерін тиімді шешті.

DSC_9615

Айта кетейік, СҚО-ның белсенді тұрғындарының қуанышты жаңалығымен бөлісуге әріптестері, еңбек ардагерлері және туған-туыстары келді. Салтанатты жиын естелік суретке түсумен аяқталды.