Қарағандыда даму әлеуеті зор диірмен қызмет етуде

«Атамекен Компани» ЖШС 2017 жылдан бастап астық өңдеу және ұн өндірумен айналысады. Ашылғаннан кейін бір жыл өткен соң «Даму-Өндіріс» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын толықтыруға қаржы алды.

— Біздің кәсіпорын түрлі сападағы ұн өндіреді. Біз үш бренд шығарамыз. АDEM-жоғары және бірінші сұрыптағы параметрлері жоғары сапалы ұн. «Шаңырақ» — жоғары және бірінші сұрыптағы орташа сапалы ұн. «Сат» — бірінші және екінші сұрыптағы «әлеуметтік» ұн, — дейді кәсіпорын директоры Дамир Әлімқұлов.

Ұн бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіледі, сондай-ақ Орталық Азия аймағына экспортталады: Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан елдеріне.

— Біз тек үздік шикізаттан өнім шығарамыз. Ұн тандыр торттары, лағман және үй кеспесі, қалыпталған нан, тоқаштар, батондар, бешбармақ жаймасы және басқа да пісіру түрлері сияқты өнімдер үшін өте жақсы», — деп түсіндіреді Дамир Әлімқұлов.

«Атамекен Компани» ЖШС Қарағанды өңіріндегі ұн тарту саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі болуды жоспарлап отыр. Мұнда макарон өнімдерін өндіру бойынша жаңа өндірісті іске қосу көзделіп отыр.

Ұн тарту саласы — отандық агроөнеркәсіптік кешеннің ең ірі сегменттерінің бірі. Соңғы жылдары Қазақстан ұн экспортының көлемі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие.

 

                                                                                                          Жомарт Шаймұрат