ЕРТІС ӨҢІРІНДЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА САРАПТАМАЛЫҚ АЛАҢ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Іс-шараға жас мемлекеттік қызметкерлер кеңесінің мүшелері, 35 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері шақырылып, жүзден астам адам қатысты. «ERTIS – jas sarapshysy» сараптамалық жастар тобы – бұл өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа технологияларды енгізу мақсатында талантты жастарды мемлекеттік қызметті дамытуға тартуға, сондай – ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жастар саясатын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға арналған тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдау алаңы.
Іс – шараның модераторы, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайрақбаев атап өткендей «Жастар-бұл ұлттың өмірлік күші мен шоғырланған энергиясы. Әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ол елдің басты стратегиялық ресурсы болып табылады және қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады».
Сеул ұлттық университетін мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген облыстық қаржы басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Кореяның мемлекеттік басқару тәжірибесі жайлы және Медет Шоқанов ауылдық кооператив өндірісінің қаржыгерінен бастап облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасарына дейінгі өздерінің еңбек жолдары туралы атап өтті.
Сонымен қатар, департамент жанында Жас мемлекеттік қызметшілер кеңесі жұмыс істейді, оның төрайымы Әйгерім Манабаева. «Осындай бастаманың арқасында – сарапшылар тобын құру – біздің алдымызда қосымша мүмкіндіктер ашылуда: жобаларды әзірлеу, іс – шараларға бастамашылық ету, мемлекеттік басқару жүйесін зерделеу және тағы басқалар», – деді ол.
«Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті жанынан сараптамалық жастар тобын құру-билік пен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын қалыптастырудағы қуатты қадам. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – тұрақты қоғам» – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған маңызды қағидаттардың бірі», – деп атап өтті өз сөзінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіру кеңесі жастар бірлестіктерінің төрағасы Рамиль Смайылов.
«Жастар сараптамалық тобының ашылуы мемлекеттік қызметтің дамуына лайықты үлес қосатынына сенімдімін. Елімізде болып жатқан барлық оң өзгерістер-Егемен Қазақстан тарихының бір бөлігі. Біздің ортақ міндетіміз – осы жылдардың жетістіктерін сақтау және көбейту, еліміздің тұрақты дамуын және балаларымыздың лайықты болашағын қамтамасыз ету», – деп қорытындылады Бауыржан Қайрақбаев.