Отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті

 

Батыс Қазақстан облыстық білімі басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық онлайн ата-аналар конференциясы өтті.

Бұл туралы аталмыш басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. Білім басқармасының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шара отбасында ата-ананың адамгершілік қасиеттерін жоғарылату және отбасы құндылықтарының маңыздылығын арттыру мақсатын көздеді. Облыс аудандары мен қала мектептерінің ата-аналары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы өткен «Отбасы – бақыт мекені» атты ата-аналар конференциясы Дүниежүзілік балалар күнімен тұспа-тұс өткізілді. Оған барлығы 100 қатысушы тартылды.

Конференция барысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары С.Темірғалиева, Орал қалалық әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңес хатшысы А.Сисенова, республикалық «Ең бақытты ел» жобасының спикері, Қазақстан әкелер қоғамының өкілі Е.Тобылбаев, Орал қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының басшысы Т.Жүніс, БҚО ІІД ЖПҚБ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Ж.Арыстанова, Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Н.Дүзбатыров, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің психологі А.Науановалар сана-сезімі қалыптасқан, отбасылық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының ынтымақтастығы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы ой бөлісті.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы