Мереке қарсаңындағы марапат

ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында еңбегімен еленген оралдық тәртіп сақшылары марапатталды.

Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаған аталмыш басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуанышқали Меңдіғұлов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдыңғы сапта жүретін сақшылардың ел игілігі жолындағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі. Салтанатты шарада қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Альберт Ералы, кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологі, полиция аға лейтенанты Светлана Раймқұлова, айдауылдау қызметі взводының айдауылдау полицейі, полиция аға сержанты Назым Умбаеваларға грамоталар тапсырылды. Ал қалалық полиция басқармасының ақпараттандыру және байланыс бөлімінің бастығы, полиция полполковнигі Гүлнәр Каташева, криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Төлеген Тұрымбетов, арнайы қабылдап-тарату орнының полицейі, полиция сержанты Асан Хасановтар алғыс хаттармен марапатталды.

Мереке қарсаңында марапатқа ие болған полиция қызметкерлері алдағы уақытта да мінсіз қызмет атқаратындарын жеткізді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы