ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕН ҚОЛЫҢДЫ ТАРТ, РЕСЕЙ!

немесе қазақтың солтүстігі тарихтан бері қазақтың жері болды, әрі қала береді!

 

Мен кәсіби тарихшы әрі тәуелсіз Қазақстанның қарапайым азаматы ретінде Ресей мен Қазақстан арасында жасалған мәңгілік достық пен бейбітшілік шартының күшіне шын жүректен сенемін. Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық кеңістіктегі стратегиялық серіктестер екендігіне де күмән келтірмеймін. Орыстар мен қазақтар арасындағы қарым-қатынастардың ғасырлардан жалғасып келе жатқандығына және қызыл қанмен маңдай термен бекітілгеніне назар аударыңыз. (1812 жылғы орыс-француз соғысына қазақтардың қатысуы; Ұлы Отан соғысына Қазақстан халқының шамамен 26%-ының қатысуы және қазақ жауынгерлерінің бастарын өлімге тіге отырып Мәскеуді қорғауға қосқан үлесі, бұдан бөлек жауға атылған әрбір 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалғаны және т.б. мысалдарды көптеп келтіруге болады) Күнделікті өмірде де екі бауырлас халықтың (қазақтар мен орыстармен) тіпті ешқандай білімсіз деген азаматтарының өзі бір-бірімен жаға жыртысуға бармайтындығына да сенімдімін, мұны мен зор жауапкершілікпен және нық сеніммен айта аламын:

  1. Ресейдің Мемлекеттік Думасы комитеттерінің бірінің орынбасары және төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор В.Никоновтың Ресейдің Бірінші арнасындағы мәлімдемесінде «Шын мәнінде, Қазақстан территориясы – Ресей мен Кеңес Одағының керемет сыйы» деп салды. Бұл біздің елімізде бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтарды қорлау деп едім. Оның ішінде қазақтан өзгеде барлық ұлт өкілдерінің намысына тиетін сөз. Никонов бұл мәлімдемесін ең қастерлі мерекеміз – Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында (16 желтоқсан) жасады!
  2. В.Никонов мырзаны, ең болмағанда, Мемлекеттік Думадан дереу шақырып алу керек. Өйткені оның мәлімдемесі Ресейдің жоғарғы мемлекеттік державасы өкілінің пікірі болып табылады, әйтпесе оның сөзі Ресей басшылығының ресми мәлімдемесі ретінде қарастырылуы керек. Оның есерсоқтық мәлімдемесі достас елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы қарым-қатынастарын нашарлатуға, сына қағуға бағытталған. Сондықтан оны мандатынан айырып, этникалық және мемлекетаралық араздықты қоздырғаны үшін сотқа беру керек.
  3. Қазақстан Ресейге ешқандай территориялық шағымдар жасамай, оның аумақтық тұтастығын және біздің жалпы шекарамызға (әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекарасы – 5591 км) қол сұғылмаушылығын өзара келісе отырып, 1994 жылғы Будапешт меморандумымен кепілдендірілген. Мен Қазақстанның солтүстік аймағының тарихтан бері қазақтардың иелігінде болғандығын әрі солай болып қала беретіндігін атап өтемін.
  4. Қазақстан аумағында мемлекеттілік 2500 жылдан аса уақыттан бері жалғасып келеді және бұл туралы әлемнің бірде-бір кәсіби тарихшылары (қазақтар-қыпшақтар-ортағасырлық түріктер-хуннис-сақтар) қарсы пікір айтқан емес. Біз байтақ дала төсінде бірінен соң бірі билік құрған 21-ден астам мемлекеттік бірлестіктерді санаймыз. Қазақстанда екі мың жылдан астам тарихы бар қалалар болды. Ауылшаруашылығы неолит дәуірінде, оның ішінде Қазақстанның солтүстігінде дамыды. Әрі мұның барлығы да ешқандай В.Никоновтың ата-бабаларының көмегінсіз жүзеге асып отырды. Менің Новосибирскідегі орыс досым, тарих ғылымдарының докторы, Новосибирск облысының бұрынғы вице-губернаторы Козодой Виктор Иванович орыс мемлекет қайраткерінің надандығына ренжіді: хандар билігінде мемлекеттің барлық атрибуттары мен белгілері болды.
  5. Сонымен қатар, кез келген тарихшы мұрағат көздеріне және жазбаша материалдарға, ескі карталарға жүгінер болса, соның ішінде орыс зерттеушілерінің (Андреев, Левшин, Спасский, Красовский және т.б.) еңбектеріне жүгінген Қазақ хандығы емес, орыс империясы Қазақстанның бірқатар солтүстік жерлерін өзіне қосып алғандығын оңай аңғарар едік…

1) 1752-1755 жылдары қазақ-жоңғар соғысының соңғы кезеңінде Ресей империясы шекараны Қазақ хандығының Солтүстік бөлігі көшпенділерінің тереңдігіне 250 верстке дейін біржақты етіп иіп, кіргізіп жіберді. Содан кейін қазақ-орыс шекарасы Тара қаласының оңтүстігінен (Ресей Федерациясының Омбы облысының солтүстік қаласы) өтті. Ол жерден бүкіл қазақ халқы (керейлер, арғындар мен қыпшақтар) күштеп ығыстырылды. Осыдан бастап Қазақ хандығы қазіргі Түркістан облысының аумағымен тең келетін иелігін жоғалтты. Қазіргі Курган, Тюмень және Омбы облыстарының оңтүстік бөлігі В.Никоновтың ата-бабалары үшін «кесіліп кетті». 1752 жылға дейін Қазақ хандығының Ресеймен шекарасы солтүстіктен алыс жатқандығы туралы белгілі орыс зерттеушісі Г.И.Спасский 1820 жылы: «Сібірді орыс қару-жарағымен жаулап алған кезде қырғыз-қайсақтардың жері қазіргі кезде осы атпен аталған Есіл өзенінен Курган қаласы орналасқан Тобылға дейін және Тара өзеніне дейін (Тара қаласы – Ресей Федерациясының қазіргі Омбы облысының солтүстігіндегі қала – автор) созылып жатқан». Тіпті одан бұрын 18 ғасырдың екінші жартысында Сібір шекарасында қызмет еткен белгілі орыс офицері И.Г.Андреев бұл туралы былай деп жазды: «Мұнда Сібірді толық жаулап алғаннан бастап, осы халықтың шекаралары белгілі деп жариялау лайықты іс болып саналады. Яғни оның шекарасы қазір Есіл қаласы орналасқан Есіл өзені, Қорған қаласы орналасқан Тобыл өзенінде және Тара қаласы орналасқан Тарға құятын өзенде. Бірақ одан кейінгі уақытта, Ертіс желісі құрылып Өскемен бекінісі орнатылғаннан кейін, олар 1752 жылы Звериноголовскаядан Тарская, Ишимская және Тобольная аралықтары арқылы Омбы бекінісіне, сол кездегі атына сәйкес казакқа тән жер жаңа сызықпен тағайындалды және бөлінді. Орда одан әрі далаға қарай жылжыды». 1752-1755 жылдары Қазақ хандығының солтүстік бөлігіндегі Новоишимск облысының Ресей империясының бір ғана заңсыз қосылуынан қазақ халқы бір Болгария, екі Грузия, үш Нидерланды, төрт Албания, бес Македония, алты Словенияға тең аумақты мәңгілікке жоғалтты …

2) 1810-1822 жылдары Ресей империясы Қазақстандағы хан билігін әдейі әлсірету кезеңінде Новоилетская бекінісі аймағында Қазақ хандығының солтүстік бөлігінің тағы бір қосылуы болды. Содан кейін Қазақ хандығы ең құнарлы жерінің, яғни 400 000 десятинасын жоғалтты. Барлық жергілікті қазақтар сол жерден шығарылды. Бұл жағдай жергілікті қазақтардың қарсылығына ұшырады әрі қарулы қарсылық көрсетті. Бас штабтың офицері Бларамергтің бұл оқиғаларды былай сипаттайды: «…қан бағасы бойынша казактар Илектің құнарлы жағалауларын иемденіп алды; оның жергілікті билеу шілері өздерінің батырларын алдыға сала отырып, адам топтап  сан рет қоныстанушыларға қарсы әрекет жасады – қырмандарын, шөп қораларын өртеді. Джуламанның шабуылдары (Тіленшиев – авт.) Новоилецк казактарының есінде…

3) 1835 жылы патшалық Ресей билігі Кіші жүз бен Орта жүздің хандық билігін біржақты жойғаннан кейін (1822 және 1824 жылдары «Сібір қырғыздарының хартиясы» «Орынбор қырғыздарының хартиясы» деп аталған) Қазақстанның солтүстік бөлігінде қазақтар Орынбор губерниясынан кеткен, оның аумағының төрттен бірін құрайтын ең құнарлы жердің 4 миллион 600 мың десятинасын жоғалтты.

18 ғасырдың бірінші жартысында ескі Орынбор шекара сызығы пайда болғаннан кейін солтүстік облыстардан қуылған қазақтар екінші рет жалға алушылар немесе қосалқы жалдаушылар қызметіне ауысумен қатар өзге аймақтарға көшірілуі керек болды: «…қалғысы келген қазақтар екі сызықтың арасына жыл сайын ішкі жағына айналған билеттер үшін төлемнің орнына белгілі бір ақша төлейді. Төлем жер аумағына байланысты болуы керек» (Крафт II. Далалық аймақтардағы қырғыздар туралы заңдастыру жинағы, Орынбор, 1898, 532 б.)

4) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанның солтүстік бөлігі тағы да біраз жерінен айырылды. Мысалы, 1930 жылы ұзақ келіссөздерден кейін Ақмола облысындағы Омбы ауданының ең құнарлы солтүстік-шығысы Ресейге өтті. 1893 жылға дейін жоғарыда аталған аудан аумағында бірде-бір орыс шаруасы ірге көмбеген болатын. А.Кузнецовтың статистикалық экспедициясының мәліметтері бойынша Омбы уезінде 800- дей қазақ ауылы болған.

  1. В.Никонов мырза! Ендеше жерді кім, кімге берді? Мен сізден осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. Мен Қазақстанның қарапайым азаматы ретінде сіздермен әлемнің кез келген арнасында пікірталас өткізуге дайынмын! Сонымен қатар мен Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихтан бері қазақ халқына тиеселі болып келгендігін әрі оның заңды және жалғыз иесі екендігін тарихи жазбаларға сүйене отырып ғылыми негізде делелдеуге дайынмын! Ресей мен Кеңес Одағы ешқашан ешкімге, әсіресе қазақтарға «үлкен сыйлық» жасаған жоқ, ал қазақтар әрдайым Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде өмір сүрді және өмір сүре береді.
  2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі наразылық ноталарын жолдаумен қоса батыл мәлімдемелермен жауап беруі керек. Мен қазақтарға тән төзімділік пен ұстамдылықты түсінемін, бірақ жер мәселесінде біздің ата-бабаларымыздың ұстанымы анық болған. Яғни ежелгі билеушілеріміз айтқандай: «Жер – мемлекеттің негізі!»
  3. В.Никонов Ресейдің биік мінбесінде отырып бізге осындай «сигналдар» берген бірінші және соңғы шенеунік емес… Сондықтан мұндай қаңқу сөздердің астарына өңіле отырып ел басшылығы аумақтық тұтастық пен шекараның мызғымастығын нығайту үшін шұғыл түрде кешенді және жүйелі шараларды қабылдауы керек. Қазақ жеріне көз алартушы болмаңдар! Солтүстік Қазақстан тарихтан бері қазақтың жері болатын!

 

Зиябек Қабулдинов,

Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Тарих ғылымдарының докторы, профессор