ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдерін Конституция күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінде Конституция Күні қарсаңында салтанатты жиын өтті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жиын барысында министр Дәурен Абаев ведомства қызметкерлерін еліміздің негізгі заңының қабылданғанына 21 жыл толуымен құттықтады.
«Еліміздің тәуелсіз дамуы жылдарында Ата Заңымыз өзінің тиімділігін, демократиялығын және азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталғанын дәлелдеді. Әрине, осының барлығы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының және Мемлекет басшысы саясатының арқасында жүзеге асқаны сөзсіз», — деді ол.
Сондай-ақ, Д.Абаев министрліктің барша қызметкерлері өз саласында отандық құқықтық алаңды жетілдіру мен дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Оның айтуынша, осының арқасында Қазақстанда байланыс пен ақпараттандыру және масс-медиа саласында маңызды реформалар жүзеге асуда.
Сонымен қатар, жиын барысында министрлікке қызметке қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті.