«Қазақстанның үздік тауары» Солтүстік Қазақстанда (Фото)

Петропавл қаласында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқау-көрмесі өтіп жатыр. Өз өнімін Солтүстік Қазақстанның 40-қа жуық кәсіпорын өкілдері мен жеке кәсіпкерлері ұсынды. Бұл туралы «ЕлАнаға» облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмені ашқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов он жыл бұрын Елбасының құрған байқауы кәсіпкерлер үшін сапаны арттыруға ынталандыру, сондай-ақ, Қазақстан нарығын жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнімге толтырып, тұрғындар арасында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттаіға мүмкіндік беретінін атап өтті.

DSC_9813

Бұдан бөлек, облыс әкімі Ресейдің шекаралық аудандарында өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесін мысалға келтірді. Соңғы қорытындыларға сәйкес, Қорған қаласының 11 әмбебап дүкендерімен СҚО-нан азық-түлік тауарларын жеткізу жөнінде келісім-шарт жасалуда.

DSC_9807

«Ең жақсы азық-түлік өнімі Солтүстік Қазақстанда. Біздің тауарлар сапалы, дәмді әрі бәсекге қабілетті. Кәсіпкерлер үшін жаңа өндіріс ашуға, өткізу алаңын кеңейту бойынша үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Тауардың сапасын қадағалауға да үлкен талап қойылады. Біз жаңа жағдайларда жұмыс істеуге дайын болып, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті тауар өндіруіміз қажет»  — деді Ерік Хамзаұлы.

DSC_9892

Содан соң өңір басшысы көрмеге қойылған жәдігерлермен танысып, қатысушы компания өкілдерінен өндіріс көлеміне, өткізу аумағына, өнімнің бағасына және болашаққа жоспарлары жөнінде сұрады.

Ерік Сұлтанов жергілікті тауар өндірушілерге жұмысты шет ел тауарларынөз тауарларына ауыстыруға, сонымен қатар тұрғындар үшін қолжетімді бағаны ұстауға бағыттау керектігін айтты.

DSC_9782

«Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқау-көрмесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 3 аталым бойынша іріктелетін болады: «Үздік азық-түлік тауарлары», «Тұрғындар үшін үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар».

Іріктелген үздік компаниялар Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде біздің облысты таныстыратын болады.

«ЕлАна»