Қарағандыда ЖЭО-3 үшінші жылу құбырының құрылысы басталады

ЖЭО-3-тен магистральдық жылу желілерінің ұзындығы шамамен 20 шақырымды құрайды. Жаңа магистраль болашақта Қарағандының орталығы болатын Оңтүстік-Шығыстағы жылумен қамту тапшылығы мәселесін шешеді.

Жобаны іске асыру 21 032-ден астам жаңа пәтерді жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта негізгі құрылысты бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

                                                                                              Жомарт Шаймұрат