Қарағанды облысында «жасыл» энергетика қалай дамуда

Қарағанды облысында «жасыл» энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2030 жылға қарай экологиялық таза баламалы энергия үлесін 30%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Өңірде жалпы қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылды.

Баламалы энергия көздері: Саран қаласында (қуаты — 100 МВт), Гүлшат (40 МВт), Ақадыр (50 МВт) және Кеңгір (10 МВт) кенттерінде орналасқан.

Сонымен қатар, өңірде Ынтымақ су қоймасында биогаз станциялары мен шағын су электр станциясы жұмыс істейді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы өнім шамамен 300 млн кВт/сағ құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 70,5%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ, өңірдің энергетикалық кешені биыл тағы бір күн электр станциясымен толықтырылуы тиіс. Облыс әкімдігі «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы «Қоңырат» шағын ауданына жақын жерде қуаты 100 МВт КЭС салу жобасын іске асыруда. Станция жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда.

Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу мерзімі (50 МВт) — 2021 жылғы тамыз. Келесі 50 МВт осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде.

— Электр қуаты «Қоңырат» шағын станциясына беріледі. Оның негізгі тұтынушысы — «Қазақмыс» тобы. Құрылыс кезінде қолданылатын барлық металл конструкциялар Қазақстанда жасалған. Осы күн электр станциясының іске қосылуының арқасында көмірқышқыл газының шығарындылары жылына 170 мың тоннаға азаяды, — дейді жоба жетекшісі, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС өкілі Ертай Әлжанов.

Облыста жаңартылатын энергия көздерінің қуатын одан әрі арттыру жалғасады.

 

                                                                                                                  Жомарт  Шаймұрат