Қарағандылық суретші қазақстандық петроглифтердің  желісімен әшекейлер жасады

Пейзаждар, ағашқа сурет салу, былғары және табиғи тастардан жасалған суреттер, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар, «джут филиграны» және «пейп-арт» техникасындағы жұмыстар, суық фарфордан жасалған әшекейлер. Бұл қарағандылық суретші Надежда Рекуцтің айналысатын ісінің тек бір бөлігі ғана. Шеберде өзгеріссіз қалатын бір нәрсе — Қазақстанның табиғатына, оның дәстүрлері мен мәдениетіне тамсанып, таңдану.

 

 

Мен қазақтың ою-өрнегіне әрдайым тәнті боламын. Бұл бағытты терең зерттей бастағанда, ол біз ойлағаннан да әлдеқайда бай екенін түсіндім. 40 жыл бойы Қазақстанда тұрып келемін және айналамда сондай элементтерді көремін. Ал шын мәнінде ою-өрнек көп қырлы. Сондықтан да мен қазақ ою-өрнегі туралы көбірек білуді және оны өз шығармаларымда қолдануды жоспарлап отырмын, — дейді суретші.

 

 

Надежданың топтамасында қиялды мифтік жануарлар желісі мен Тамғалы шатқалының жартас суреттері бойынша этникалық серия ерекше орын алады. Суретші полимерлі шайыр мен зергерлік саздан жасалған арнайы 3D техникасында кулондар жасайды. Потал мен фольга алтынын қолдана отырып, акрилмен сурет салады.

 

                                                                                                                    Жомарт Шаймұрат