Екі тәмсіл
Ол президент болатын еді…
(Тәмсіл)
Бірде бір елдің президенті әйелімен күтпеген жерден кешкі ас ішуге мейрамханаға баратын болды. Екеуі үстелге отырғанда, мейрамхана иесі президенттің оққағарынан:
— Елдің бірінші ханымымен жеке сөйлесуіме болады ма?! — деп сұрайды.
Президент келісіп, Бірінші ханым мен мейрамхана иесі сұхбаттасады. Сұхбаттан соң президент әйелінен:
— Ол кім еді?! Не үшін сенімен сөйлесуге қызықты?! — деп сұрады.
— Ол мектеп кезінде маған сөз салған адам, — деп жауап береді әйелі.
— Егер сен оған тұрмысқа шыққаныңда, қазір мынадай керемет мейрамхананың иесі болатын едің, солай ма?! — деп сұрады президент.
— Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда, ол президент болатын еді, — деп жауап берді әйелі.
ТҮЙІН: Жақсы әйел — жаман еркекті жақсы етеді, жаман әйел — жақсы еркектің түбіне жетеді….
Әкем маған үйлен деді…
(Тәмсіл)
Бір күні әкем менен:
— Неге үйленбей жүрсің, балам? — деп сұрады.
— Аяққа нық тұрғанымда, жеке үйім, көлігім, тұрақты жұмысым болған кезде үйленемін! — деп сенімді жауап бердім мен.
— Ақымақ! — деді әкем. — Қазір, ештеңең жоқ кезде үйлен. Қалғанына бірге жетесіңдер. Мен ойланып қалдым…
ТҮЙІН: Қазір түгің жоқ кезде үйленсең сүйіктіңнің сені шын жақсы көріп, құрметтегенінен тұрмысқа шыққанына сенімді боласың. Егер өз жоспарларыңды іске асырғаныңнан соң үйленем десең, саған қандай қыз тұрмысқа шығуға келіспейді?! Кез-келген қыз саған тұрмысқа шығады! Тіпті қуана-қуана! Ал сенің байлығың жоғалғанында, әйеліңнің де сонымен қоса жоғалмасына кім кепіл?! Өз ақшаңды оның сұлулығына айырбастама. Сұлулық жойылады, байлық жоғалады. Ал шын махаббат бағалай білсең, сенімен бірге қалады.
Дайындаған: «ЕлАна»