АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ

Бағдарламаның 2020 жылы орындалуы және 2021 жылға жоспар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін қала тұрғындары Халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауыл тұрғындары- ауылдық округ әкімдіктеріне жүгінеді.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы 6 (алты) ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркелумен расталады.
Адамның немесе отбасының жүгіну процесінде оған консультация беріледі, оның барысында оған мынадай ақпарат беріледі:
Шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;
Адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.
Консультацияны Орталықтарда консультанттар, ал ауыл тұрғындары әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.
Жеке тұлға немесе отбасы өтініш білдірген жағдайда мынадай құжаттар өткізеді. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:
1)өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) оралман мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс-тар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыс-тар);
15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаса, тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. Мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерге сұрау салған жағдайда 30 күнтізбелік күнге дейін созылады.
Өтініш беруші құжат өткізу барысында шартты немесе шартсыз екені айқындалады.
Шартты немесе шартсыз дегеніміз не?
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
1) жалғызілікті және жалғыз тұратын табысы аз:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Респуб-ликасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар бар табысы аз отбасыларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі. Алайда еңбекке қабілетті отбасы мүшесі (мүшелері) жұмыссыз болған жағдайда жұмыс іздеушілер ретінде тіркеледі. Халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары пайда болған күннен бас-тап үш жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгендерге, еңбекке қабілетті адамдарға немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне бос жұмыс орындары (лайықты жұмыс) туралы хабарлама жібереді, оларға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді. Лайықты жұмыс болмаған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұсынады. Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынылған жұмыс немесе белсенді шараларға қатысу барысында Орталықпен әлеуметтік келісімшарт жасалынады. Әлеуметтік келісімшартқа сәйкес жұмыс барысында жұмысты себепсіз қалдырған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек отбасына тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Жалған мәлімет берген жағдайда 6 (алты) айға дейін атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алмайды.
Тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған табыс ескеріледі. Бұл ретте табыс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.
Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы табысы алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген табыстың сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен кем болмайтындай айқындалады. Жиынтық табыс алынған шаманы не есепке жатқызу үшін белгіленген табыс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патенттің құнын есептеу кезінде мәлімделген табыс сомасын осы есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болмайтындай айқындалады.
Жеке тұлғалардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтен түскен табысы кәсіпкерлік қызметті дамытуға мемлекеттік қолдау алғаннан кейінгі алғашқы алты айда есепке алынбайды.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданады және осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір шешіммен ресімделеді.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде:
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде — бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;
Тиісті оқу жылы кезеңінде – орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар шартты және шартсыз ақшалай көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасыларға ұсынылады.
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде:
Азық-түлік жиынтықтары ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде немесе тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі;
Тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады.
Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезде және оны тағайындау кезеңінде көрсетілетін баланың жасына байланысты анықталады.
Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама әр балаға:
Тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы немесе спорттық киім жиынтығы;
Тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектепке қажетті құралдар жиынтығы;
Оқу жылы ішінде мектеп күндері оқу орнында бір реттік ыстық тамақтану беріледі.
Мемлекеттік бағдарламаларды орындалуы барысында атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасылар үшін әлеуметтік төлемдерді біріктіретін бірыңғай жәрдемақы болып есептелді.Оның құрамына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 % -ының арасындағы айырманы құрайды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 754 отбасының өтініштері қабылданды. Оның ішінен 684 отбасына 3634 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.Оның ішінде; тұрақты жұмысқа орналасқандар -108, қоғамдық жұмысқа тартылғандар -53, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар -23, мемлекеттік грант алғандар 79, жастар практикасына -4, кәсіптік оқу -2 адам жолданды.
Атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті орган, яғни аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көрсетілген көмек шын мұқтаж отбасыларына беріліп, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылу мәселесі қарастырылды, мамандығы жоқ азаматтарға оны алуға мүмкіндік берілді. Яғни, ұсынылған мемлекеттік қолдау жүйесі мұқтаж отбасының барлық мәселелерін шешілді. Сарысу ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасыларға ақшалай жәрдемақыдан басқа, кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытындағы маңызды жаңашылдықтардың бірі болды.Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 жастан 3 жасқа дейін 1203 және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 1391 пакет берілді.
2021 жылға жоспар 868 отбасы (5 747 адам) бөлінген қаржы 561613,0 тенге. 2021 жыл басынан аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 42 отбасының құжаттары қабылданып, қала және ауыл округтерге учаскелік комиссияға жолданды.
2021 жылдың қаңтар айынан 429 отбасының 4 тоқсаннын табысымен автоматты түрде ұзартылды.
Бастапқы АӘК тағайындау үшін:
2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш беру үшін www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы, бересіз. Ол үшін www.egov.kz парталында «қызметтер» -«әлеуметтік қамсыздандыру» «мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» бөлімдерін таңдау керек.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен «мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметіне тапсырыс бересіз, өтініш берушінің қолы қойылған скан-көшірмені немесе өтініштің және жеке куәліктің сапалы фотосын бекітесіз.Қызмет мәртебесін сіз www.egov.kz порталындағы жеке кабинеттен бақылай аласыз.
Д.Омар, Халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі
Cарысу ауданы әкімдігі