Биылдан бастап 1-сынып оқушылары бескүндік оқу аптасына көшеді
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында 32 оқу аптасын, 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. Министрлік сондай-ақ оқу жылы барысындағы демалыс күндері мен оның ұзақтығын белгіледі. Оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады (2016 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанға дейін), қысқы демалыс – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанға дейін), көктемгі демалыс – 13 күн (2017 жылғы 21 наурыздан бастап 2 сәуірді қоса алғанға дейін). Мектепалды сыныптарда көктемгі демалыс 15 күнге созылады (2017 жылғы 21 наурыздан бастап 4 сәуірді қоса алғанға дейін).
Сондай-ақ мектепалды даярлық сыныптарының оқушылары мен 1 сынып шәкірттеріне қосымша 7 күн (2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 7 ақпанды қоса алғанға дейін) демалыс белгіленеді. Жазғы демалыстың басталу күні мен ұзақтығы министрліктің 2016/2017 оқу жылының аяқталуы жөніндегі бұйрығында белгіленеді. Биылғы жылдан бастап барлық бірінші сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша бескүндік оқу аптасымен оқиды. Қалған сыныптар бескүндік оқу аптасына 2019 жылға дейін жаңартылған бағдарламаға көшуіне байланысты біртіндеп ауысады.
1. Тұрақты жұмысы бар азаматтар мейлі, олар сенбі болмаса да, жексенбі күні дем алады. Ал базар жағалап жүрген азаматтар балаларын тасқа бастырып кетеді ме?
Көпшілік ата-аналардың мектеп жасындағы баласына тәрбие беру шеңбері «Ішкіздім, жегіздім, киіндірдім» — деген түсініктің шеңберіне қарай тарылып бара жатқанын айтатын жерде айтып жүрміз.
Бала тәрбиесін түбегейлі мектепке артып қойған отбасылар мен жалғызілікті ана немесе әкелердің балалары 2 күн үйде отыра алады ма?
Көше кезіп кетпесіне кім кепіл?
2. Адам ағзасы тәуліктік ритмдермен жұмыс істейтіні белгілі. Адам қаласа да, қаламаса да тәулігіне белгілі бір мерзімде демалуы қажет! Ағзаға зорлық жүрмейді. Оқу аптасын қысқартқанмен, тәулікті ұзарта алмайсың!
5 күндік оқыту жүйесіне өту үшін, кейбір сағаттар ғана емес, тіпті пәндер қысқартылғанмен, жұмыс сағатын ұзартуға тура келеді. Бұрын орта есеппен 5-6 сабақ болса, енді 7-8 сабақ өтілетін болады.
3. Ал қандай пәндер қысқартылады?
Ол қысқартулар баланың азамат ретінде қалыптасуына қалай әсер етеді?
Болашақ маман дайындауға әсері қалай болмақ?
Еңбек нарығында бәсекелестік қызып тұрғанда, балаларымызды білімсіз етіп алмаймыз ба?
4.Үй-жайы жоқ отбастарына балаларына обал, ауылды жерде де өз қиыншылықтары жеткілікті. Бала бақшаның қияметі өзінше, балалар бос уақытта ата анасы жұмыста болғанда немен шұғылданады..?! Өздерімен есептейтіні жаныңды ауыртады биліктегілердің, ..,əттең…!
Дереккөз: pm.kz және Өмір Шыныбекұлының ФБ парақшасынан