АУЫЛ АЖАРЛАНУДА
ТҰРҒЫНДАР МЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БІР КӨРІНІСІ – ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ. ӨЙТКЕНІ МҰНДА ХАЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДЕН БИЛІКТІҢ ӨЗ АУЗЫНАН ХАБАРДАР БОЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ, ӨЗДЕРІНІҢ ҰСЫНЫС-ТАЛАПТАРЫН ОРТАҒА САЛУҒА МҮМКІНДІК АЛАДЫ.
Осындай кездесу аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қатысуымен Жайылма ауылдық округінде жалғасын тапты.
Әрине, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тарих үшін қысқа ғана мерзім болғанымен, бұл жылдар қазақстандықтар үшін айтулы уақыт болды. Қазақстанның жаңа дәуірдегі жарқын жеңістерінің іргетасы саналатын, тарихи серпілістер күтілген егемендіктің осынау жылдарында еліміз ішкі-сыртқы саясатта, экономикада, әлеуметтік жаңғыртуда және қоғамның өзге де салаларында толайым табыстарға жетті.
Осы орайда округ бойынша қысқаша мәлімет беріп өтсек. Жайылма ауылдық округі бойынша елді — мекен (Жайылма, Қызылдихан, Маятас, Ақтам). Халық саны, барлығы: 3798 (Жайылма-2820, Қызылдихан-473, Маятас-437, Ақтам-68). Аула саны, барлығы: 571 (Жайылма-411, Қызылдихан-79, Маятас-65, Ақтам-16). Жыл басынан бері 76 нәресте дүниеге келген.
Әкім аппараты жанынан арнайы құрылған комиссия, халықтыңтұрмыс жағдайын анықтап, зерделеу нәтижесінде, орта есеппен 23 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жыл басынан қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарына 24 адам тартылды.
Жайылма ауылдық округі бойынша 91 шаруа қожалықтары тіркелген. Қазіргі уақытта 73 шаруа қожалықтары белсенді жұмыс істеп тұр.
Аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы ауылдық округ бойынша 22 азамат қайтарымсыз грант алып, кәсіптерін жүргізуде.
2020 жылы Жайылма ауылында наубайхана ашылды, 6 түрлі нан түрлері пісіріліп азық-түлік дүкендеріне жеткізіліп берілуде.
Ауылдық округте спорт саласын дамыту мақсатында
2020 жыл басынан 21 спорттық іс шара ұйымдастырылды.
Карантиндік сақтық шаралары кезінде ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен шаруа қожалық төрағалары, кәсіпкерлер және ауыл азаматтары, көп балалы, аз қамтылған және жағдайы төмен отбасыларына 104 қап ұн, 25 отбасына ауыз ашар пакеттері, 22 отбасына азық түлік пакеттері жеткізіліп берілді.
Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған мектеп түлектері Ысқақ Пірәдар мешітіне жылы еден орнатып берді.
Маятас ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен, «Аймағамбет» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасалынды.
Қызылдихан ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен, «Құрттыбұлақ» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды.
31 мамыр — Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Жайылма ауылындағы Әйтеке би мектебін оқып бітіргеніне 40 жыл толған, 1980жылы мектеп бітірген түлектердің демеушілігімен монументі орнатып берді.
Маятас ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен жастар саябағын салып берді.
«Қаратау ТКӨК КазФосфат» ЖШС демеушілігімен, Ауған соғысы Жауынгерлеріне мәңгілік тағызым монументін орнатып берді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша, Жайылма ауылының тұрғыны толық емес отбасына ауылдық округ әкімшілігі қызметкерлері, мекеме басшылары және кәсіпкерлердің демеушілігімен үй тұрғызылып берілді. ..
…Жиынды Сарысу ауданы әкімі Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы ашып, жиынның жұмыс регламенті көпшілік дауыспен қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, аудан әкімі Б.Жақсылықовтың және ауылдық округ әкімінің жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Есептен соң ауыл тұрғындары жарыс сөзге шығып ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Атап айтар болсақ: Т.Қажыкенов, Іскендір Тоғманов, Оспанов Арқабай аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына өте жоғары баға берді. Сондай-ақ, Талас өзенінің суы мен шабындық және жайылымдық жерлердің мәселесін, көше аралық жолдардың жөнделуін, ауылдағы еңбек ерлерінің есімдерін аудан орталығы Жаңатас қаласындағы еңбек ерлері атындағы ескерткіш тақтада жазылуын сұранды.
Әрбір ауыл, елді мекендердегі есеп беру жиындарында шешімін күткен өзекті мәселелер сөз болды. Билік пен халық арасындағы еркін пікір алмасу ауыл өміріне қатысты түйткілді мәселелердің ортақ ақыл-кеңеспен шешуге бағытталды.
Кездесуде күнделікті тірлікте кездесетін күрделі проблемалар мен ауданның бүгіні мен болашағына қатысты мәселелер кеңінен айтылып, ашық талқыланды. Залда отырғандар тарапынан түскен сауалдарға жауап беру барысында аудан басшысы мәселенің мәнісіне үңіліп, мұқият талқылап, шешілу мүмкіндігі немесе мемкін еместігінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Уәжді жауапқа дау айтушылардың немесе түсініспеушілік танытпағандардың болмауы, жиналғандардың аудан басшысының жұмысына бірауыздан жоғары деген баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тілеуі аудан әкімінің іскерлігі мен жаңаша ойлайтындығын білдірді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы