ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

2020 жылы жалпы көлемі 10,9 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өсім 2 млрд теңгені құрады. Бүгінде ауданда 1019 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осы мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Аса ауылынан 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынуда. Сонымен қатар, осындай 4 тұрғын үй құрылысының құжаттары дайындалды.

 

Ал, жер кезегінде тұрған 10 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін жүргізу, сумен және газбен жабдықтау үшін 2211,5 млн теңге бөлінді. Аталған жұмыстар толығымен аяқталған жағдайда 1882 тұрғынға жер беруге мүмкіндік туады.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі