АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Биыл Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы (94,4 млн теңгеге 6 шақырым) және 12 ауылдың 28 ауылішілік жолы жөнделді (206,4 млн теңгеге 22,9 шақырым). Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 12 ауылдың 61 ауылішілік көшелері мен 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы жөндеуден өткізілді (702,9 млн теңгеге 50,2 шақырым). «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 5 ауылдың 8 ауылішілік көшесі жөнделді (98,4 млн теңгеге 5,5 шақырым).
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жалпақтөбе ауылындағы Д.Қонаев көшесін орташа жөндеуге 14,8 млн теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, аудандық бюджеттен 91,3 млн теңгеге 7 елді мекеннің 8 көшесі жөнделеді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі