ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Аудан бойынша 512 көшенің (397,8 шақырым) 100-і жарықтандырылған (117,15 шақырым). Жарықтандыру деңгейі 19,5 пайыз. Өткен жылы 8 елді мекеннің 12 көшесі 71,2 млн теңгеге жарықтандырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Өрнек ауылындағы Бекбенбет және Медер көшелері жарықтандырылды (18,4 млн). Аудандық бюджет есебінен Шоқай ауылындағы Байғазиев, Рысқұлов, Жалпанов көшелері (8 млн), Бірлесу-Еңбек ауылындағы Сәтпаев көшесі (2,2 млн), Түрксіб ауылындағы Жайлау көшесі (4,6 млн), Шайқорық ауылындағы орта мектепке барар жол (536 мың), Бәйтерек ауылындағы Сүйінбай көшесі (9,1 млн), Қызылшарық ауылындағы Жамбыл және Берікбаев көшелері (13,8 млн), Бесжылдық ауылынан Ш.Ниязбеков аллеясына дейінгі аралық (14,6 млн) жарықтандырылды. Бұдан бөлек, тұрғындардың өтінішін орындау мақсатында электр қуатын арттыру үшін Аса ауылындағы Қонаев, Сейфуллин көшелеріндегі трансформатор ауыстырылды (2,2 млн). Пригородное ауылындағы Тәттібаев көшесіне электр желісі тартылды (4 млн). Ерназар ауылына трансформатор орнатылды (950 мың). Айшабибі ауылындағы Бижігітов көшесіне бағаналар орнатылып, электр желісі тартылды (5,7 млн теңге).
Биыл аудандық бюджет есебінен аудандық полиция бөлімінің алды (1,5 млн) мен орталық стадионның аумағын (3,5 млн) жарықтандыру, Қаратау ауылының Арын көшесін жарықтандыру (4,3 млн), Бірлесу-Еңбек ауылының Жапарбеков көшесіне трансформатор орнату және электр желісін тарту (8,6 млн), Түрксіб ауылының Желтоқсан, Қарамолда, Ынтымақ, Рүстемов көшелерінің КТП ағымды жөндеу (12,4 млн), Бесағаш ауылының Бекеев және Жандосов көшелерінің КТП ағымды жөндеу (3,2 млн), Шайқорық ауылының Желтоқсан, Ынтымақ, Телеу, Қонаев көшелерінің электр желісін ағымды жөндеу (31,5 млн), Пригородное ауылындағы көшелерді электр желісіне қосу (7,6 млн), Қызылқайнар ауылындағы уақытша мал сою алаңына электр жарығын тарту (1,9 млн) жұмыстары жүргізіледі. Түрксіб ауылындағы Антон Макаренко атындағы орта мектепке баратын Қарамолда көшесін жарықтандыру үшін 2,5 млн теңге қаралып отыр.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі